Анықтама

Щеглова Динара Ринатқызы

1028

Қазіргі лауазымы: ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі


Туған жылы: 1982 жыл

Туған жері: Семей қаласында туған. 

Білімі: 2004 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 

2007 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін «менеджмент» мамандығы бойынша, 

2011 жылы Қазақ экономика,  қаржы және халықаралық сауда университетін «ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.


2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс агенттігінің жобаларды басқару бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 

Түрлі жылдары коммерциялық салаларда еңбек етті. 

2011 жылдан бастап «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ-ында Инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің бас менеджері қызметінде істей бастады, кейіннен Сервистік ақпараттандыру моделі департаментінің директоры лауазымына ауыстырылды. 

2017 жылы «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды, кейіннен холдингтің басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды. 

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып еңбек етті. 

2019 жылдан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. 

2020 жылдың ақпанынан ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы