Анықтама
Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы
1826Қазіргі лауазымы: ҚР Сенат депутаты
Туған жылы: 24.03.1962
Туған жері: Жамбыл облысы
Білімі: 1985 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетін бітірді.
1985 жылдың тамыз айынан бастап 1986 жылдың қараша айына дейін - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде тағылымгер-зерттеуші.
1986 ж. желтоқсан айынан бастап 1992 ж. қазан айына дейін - аспирант, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының мемлекет және құқық Институтында кіші ғылыми қызметкер.
1992 ж. қазан айынан бастап 1994 ж. шілде айына дейін - Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыс Министрлігінің «Казахстан Сервис» сыртқы сауда компаниясының бас директоры орынбасары.
1994 ж. тамыз айынан бастап 1996 ж. қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Германия Федерациялық Республикасындағы сауда өкілінің орынбасары.
1996 ж. ақпан айынан бастап 1997 ж. қаңтар айына дейін - «Қазақстан Әуе Жолы» Ұлттық Әуе компаниясының сыртқы байланысы бойынша вице-президенті.
1997 ж. қазан айынан бастап 1999 ж. мамыр айына дейін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі.
1999 ж. мамыр айынан бастап 1999 ж. қараша айына дейін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі.
1999 ж. бастап 2002 ж. ақпан айына дейін - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісі.
2002 ж. қаңтар айынан бастап 2002 наурыз айына дейін - «ҚазТрансОйл» ҰК» ЖАҚ бас директорының орынбасары.
2002 ж. наурыз айынан бастап 2006 ж. сәуір айына дейін - «ҚазТрансОйл» ҰК» ЖАҚ басқарушы директоры.
2006 ж. мамыр айынан бастап 2008 ж. қараша айына дейін - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингы» АҚ басқарушы директоры.
2008 ж. қараша айынан бастап 2009 ж. маусым айына дейін - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі.
2009 ж. 5-ші маусымнан бастап - Қазақстан Республикасының ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы.
Заң ғылымдарының докторы, қырықтан астам ғылыми мақалалардың авторы, соның ішінде Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңға түсінігі, «Өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі» монографиясы бар.
2010 ж. 12-ші наурыздан бастап 2014 ж. 6-шы тамызға дейін - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігінің жауапты хатшысы.
2014 ж. 13-ші тамыздан бастап қазірге дейін - Қазақстан Республикасының Энергетика Министрлігінің жауапты хатшысы.
2019 жылдың сәуір айынан бастап Мемлекет басшысының Өкімімен Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды
2019 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қазақстан Республикасы Президенті тағайындаған депутаты
«Құрмет» орденімен марапатталған.