Анықтама

Русланұлы Айберген

3661

Қазіргі лауазымы: «Ғалам» қазақ-француз бірлескен кәсіпорнының бас директоры


Туған жылы: 1985 жылы дүниеге келген.

Білімі: 2007 жылы Мәскеу қаласындағы Н.Е. Жуковский атындағы Әскери-әуе инженерлік академиясын бітірді. 

2010 жылы С.П. Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетінде кәсіби қайта даярлықтан өтті.


2008 жылы еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің ғарыш қызметін дамыту стратегиясы басқармасының  жетекші маманы ретінде бастаған, бұдан әрі жұмысын ғарыш саласында жалғастырды:


- «Бәйтерек» Бірлескен Қазақстан-Ресей кәсіпорны» АҚ ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы, жобаларды басқару бөлімінің бастығы,


- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Ғарыш қызметін дамыту департаментінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымы басқармасының бастығы,


- «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жобалау офисінің басшысы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Келешегі бар жобалар орталығының директоры,


- «Ғалам» қазақстан-француз бірлескен кәсіпорнының бас директоры. 


«Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР ҚАӨМ ведомстволық медалімен марапатталған (2018 жылғы  желтоқсан). 


2019 жылдың ақпан айынан бастап – «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Басқарманың даму жөніндегі мүшесі лауазымына тағайындалды.

2021 жылдан бастап «Ғалам» қазақ-француз бірлескен кәсіпорнының бас директоры

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы