Перуашев Азат Тұрлыбекұлы
Қазіргі лауазымы: «Ақ жол» ҚДП Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты
Туған жылы: 1967 жылы туған
Туған жері: Жамбыл облысы Қордай ауданының тумасы.
Білімі: жоғары, ғылым кандидаты 1984 – 1991 ж.ж. – М. Горький атындағы Орал мемлекеттік университеті (РФ, Свердловск қаласы);
1995 – 1996 ж.ж. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі (Алматы қаласы);
1998 – 2000 ж.ж. Жетісу экономикалық институты (Талдықорған қаласы);
2011ж. – қазіргі кезде – РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының докторанты.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, төрт баласы бар.
Еңбек жолын Қиыр Солтүстік протында жүкші болып бастады, әскер қатарында қызмет етті.
1991 ж.ж. – Қазақстан Компартиясы Панфилов аудандық комитетінің инструкторы.
1992 – 1995 ж.ж. – Талдықорған облысы әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі.
1996 – 1998 ж.ж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің консультанты, сектор меңгерушісі.
1998 – 2005 ж.ж. – «Қазақстан алюминийі» АҚ Бас директорының орынбасары – вице-Президенті.
2006 ж.ж. – Қазақстанның Азаматтық партиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы.
2006 – 2011 ж.ж. «Атамекен» ҚҰЭП Басқармасының төрағасы.
2011 жылғы шілдеден бастап – «Ақ жол» ҚДП Төрағасы.
2012 жылғы 20 қаңтардан бастап – бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Наградалары: - ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2008 ж.) - «Қазақстан алюминийі» АҚ еңбек сіңірген қызметкері (2005 ж.). - «Мәдени бастама» жас ғалымдардың кеңес-америка қоры сыйлығының лауреаты (1991 ж.). - Қазақстан ЛКЖО ОК Құрмет грамотасы (1987 ж.).
- Әлемде: АҚШ Таяу Шығысқа 10 мың әскер жібермек, Израиль Иран шенеуніктерін тағы қорқытты 09:22
- Қаржы секторына арналған ЖИ: Ұлттық банк қандай технологиялар енгізуді жоспарлап отыр? 09:08
- АҚШ Иранға шабуыл үшін бес араб елінің аумағын пайдаланған 08:54
- Threads-тегі алаяқ: 23 жастағы астаналық әскерде зорлық көрдім деп ақша жинамақ болған 08:32
- Бүгін елдің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды 08:11
- АҚШ Таяу Шығысқа тағы 10 мыңға жуық әскер жіберуі мүмкін 07:48
- УЕФА Ақтауда салынатын жаңа стадионның тұжырымдамасын мақұлдады 07:14