Анықтама
Айтмұхаметов Данияр Айтмұхаметұлы
6487
Қазіргі лауазымы: Қарағанды облысы Прокурорының орынбасары
Туған жылы: 1979 жылы.
Туған жері: Алматы қаласы
Білімі: 2000 жылы Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер біліктілігі беріле отырып аяқтаған,
2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін менеджмент біліктілігімен аяқтаған.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бастаған, 2000 жылдан 2006 жылға дейін жұмыс атқарған.
2006 жылдан 2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Орталық аппаратында мына лауазымдарда қызмет атқарған:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, келісім-шарттар және талап-арыз жұмыстары департаменті директорының орынбасары, Заңға тәуелді актілер департаментінің, Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің, Бақылау және ішкі аудит департаменті, Ішкі әкімшілік департаментінің директоры.
2010 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы Әділет департаментінің бастығы болып қызмет атқарған.
2012 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы қаласы Әділет департаменті басшысы болып қызмет атқарған.
2016 жылғы 20 қаңтардан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы.
2019 жылы 19 наурызда Жауапты хатшы қызметінен босатылды.
2019 жылдың сәуірінен бастап Қарағанды облысы Прокурорының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық медалімен наградталған.