Алпысов Ермек Амантайұлы


Қазіргі лауазымы: Қарағанды облысы әкімінің орынбасары


Туған жылы: 1971 жыл

Туған жері:  Солтүстік Қазақстан облысы.

Білімі: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін тәмамдаған.


Еңбек жолын 1993 жылы бастаған.

Әр жылдары коммерциялық секторда қызмет еткен.


2004-2008 жылдары - Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасары.


2008-2012 жылдары - Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.


2012-2015 жылдары - Талдықорған қаласының әкімі лауазымын атқарған.


2015 жылдан 2017 жыл аралығында - ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.


2017 жылдан бастап қазірге дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.


2019 жылы Үкіметтің қаулысымен Ермек Амантайұлы Алпысов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі лауазымына тағайындалды.

2021 жылғы 15 ақпанында Қарағанды облысы әкімінің Денсаулық сақтау, ШОБ дамыту, цифрландыру, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.