Алдажұманов Ерлан Ерғалиұлы
Қазіргі қызметі: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры
Туған жылы: 1966 жыл
Туған жері: ШҚО, Семей
Білімі: Дзержинский атындағы КСРО МҚК Жоғарғы шекаралық командалық училищесін (1987 ж.);
КСРО МҚК Жоғарғы курстарын (1990 ж.);
Беларусь Республикасы Әскери академиясының Бас штаб факультетін аяқтаған (2018 ж.);
2017 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен генерал-майор атағы берілді.
1990-1998 жылдары - ТМД сыртқы шекараларын күзету бойынша Тәжікстан Республикасы аумағында қызмет атқарды;
1999-2014 жылдары – ҚР ҰҚК Шекара қызметінде офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды;
2014 - 2019 жылдары - Директордың бірінші орынбасары - ҰҚК Шекара қызметі Бас штабының бастығы;
2019 - 2020 жылдары - ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасының бастығы;
2020 - 2022 жылдары - ҰҚК Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастығы;
2022 - қазіргі уақытқа дейін – ҰҚК Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры.
ІІ-дәрежелі «Айбын» және Батылдық ордендерімен, сонымен қатар ведомстволық медальдармен наградталған.
- Израиль Ирандағы жоғары лауазымды тұлғаларды жоюды жалғастыратынын мәлімдеді 05:18
- Иран билігі спортшыларға бірқатар елдерге баруға тыйым салды 04:27
- Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы беруді 10 күнге шегерді 03:40
- Тұман, жаңбыр, найзағай: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Алматыда жеңіл көлік өзенге түсіп кетті 01:29
- Қара теңіздегі танкерге шабуыл халықаралық құқықты бұзады – Түркия СІМ 00:30
- Астанада 13 жасар бала операция үстінде қайтыс болған: Дәрігер амнистияға ілікті 26.03.2026