Абылқасова Анар Сайранқызы
Қазіргі лауазымы: Ғылым комитетінің төрайымы
- Туған жылы: 1976 жылы
- Туған жері: Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
- Білімі: 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша,
- 2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналистика магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде журналистика кафедрасының оқытушысы ретінде бастаған.
2000-2004 жылдары - Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушысы, аға оқытушысы.
2004-2009 жж. - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану кафедрасының аға оқытушысы, доценті.
2009-2015 жылдары ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында жұмыс істеді: Хатшылық сарапшысы; Талдау орталығының сектор меңгерушісі, консультанты; Ситуациялық орталықтың сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2015 жылғы шілдеден бастап қазіргі таңға дейін ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.
2019 жылы 22 мамырдан Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрайымы болып тағайындалды
- Израиль Ирандағы жоғары лауазымды тұлғаларды жоюды жалғастыратынын мәлімдеді 05:18
- Иран билігі спортшыларға бірқатар елдерге баруға тыйым салды 04:27
- Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы беруді 10 күнге шегерді 03:40
- Тұман, жаңбыр, найзағай: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Алматыда жеңіл көлік өзенге түсіп кетті 01:29
- Қара теңіздегі танкерге шабуыл халықаралық құқықты бұзады – Түркия СІМ 00:30
- Астанада 13 жасар бала операция үстінде қайтыс болған: Дәрігер амнистияға ілікті 26.03.2026