Абаев Дәурен Әскербекұлы

Қазіргі лауазымы: ТМД Бас хатшысының орынбасары


Әлеуметтік желілерде расталған аккаунттары (негіздеме: 25.01.2019 күнгі №7 хаты)
 

2001-2003 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы;


2003 жылы – Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы елшілігінде үшінші хатшы; 


2003-2007 жылы – Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы істеріне сенімді уәкіл, екінші хатшы; 


2007 жылы – ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі бөлімінің бастығы; 


2007-2008 жылдары – сарапшы, ҚР президенті хаттамаларының консультанты; 


2008-2009 жылдары – ҚР президенті баспасөз хатшысының орынбасары; 


2009-2011 жылдары – ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы; 


2011 жылы – Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы; 


2013 жылы ҚР президентінің кеңесшісі; 


2016 жылы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі болып тағайындалды. 

2019 жылдың 25 ақпанында Елбасының Жарлығымен қайта құрылған Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды

2020 жылдың 4 мамырында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

2023 жылы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды

2023 жылдың 2 наурызында ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды.


«Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасы» кітабының соавторы (2010).
 

ФОТОФАКТ
 

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Қазконтент» компаниясының жұмысымен танысуда, 22 желтоқсан 2018 жыл, Астана.