Анықтама

Ақтаева Лязат Мейрашқызы

7585

 

Қазіргі лауазымы: ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК жаңа директорының міндетін атқарушы


Әлеуметтік желілерде:

Туған жылы: 1965 жылдың 13 тамыз

Туған жері: Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ақсу ауылы

Білімі: Алматы медицина университетін «емдеу ісі, акушер-гинеколог» мамандығы бойынша

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша бітірді.

Жапонияда, Түркияда, Венгрияда, Ұлыбританияда, Қазақстанда оқыды.


Акушер-гинеколог дәрігер, Алматы медицина институтында акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті


Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары


Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары


«Ұлттық медициналық холдинг» АҚ департамент директоры, атқарушы директор, Басқарма төрағасының орынбасары


Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты филиалының акушерия және гинекология курсы бар қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының денсаулық сақтау қызметтерін дамыту орталығының басшысы


«Денсаулық қаласы» ЖШС медицина директоры, диагностикалық клиникасының директоры, «Алматы менеджмент университеті» ҰБМ «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» бағдарламасының басшысы


Қазақстан Респубикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорының орынбасары, директоры лауазымдарында жұмыс істеді.


Медицина ғылымының докторы, «қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары білікті санаттағы дәрігер.


2017 жылғы 28 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

2020 жылы 26 маусымда Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды.

2022 жылдан бастап ҚДБ ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» КМК жаңа директорының міндетін атқарушы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы