Анықтама
Ақшолақов Болат Оралұлы
6641
Қазіргі лауазымы: ҚР Энергетика министрі
Туған жылы: 1971 жылы 7 сәуір
Туған жері: Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген.
Білімі: мамандығы (біліктілігі), лицензиялар:
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, есеп пен экономикалық кибернетика факультеті (1993)
Экономист
Мұнай және газ өндірісі білім орталығы (Алматы) (1998)
Мамандығы: «Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды бағалау» және «Мұнай өндіру экономикасы»
Экономист, бас экономист Alem Bank Kazakhstan (1994-1995);
Бөлім бастығы, Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкi департаментінің директоры (1995-1997);
Аға сарапшы, менеджер, бас менеджер, «Қазақойл» ҰМГК» ЖАҚ департаменті директорының орынбасары (1997-2001);
Бизнес-талдаушы, менеджер, Commonwealth and British Services қаржы директоры Ltd. (2001-2003);
«Қазмұнайгаз» ҰМК» ЖАҚ ҚБ үлестерін басқару жөніндегі атқарушы директор (2003-2006), Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі (2006-2008);
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның электр энергетика және мұнай-газ активтері сұрақтары жөніндегі басқарушы директор (01.2009-17.06.2010);
«PSA» ЖШС бас директоры (07.2010-10.2011);
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ президенті (10.2011-12.2011);
Мұнай және газ вице-министрі (01.2012-25.08.2014);
«Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры (09.2014-02.2016);
«KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры (01.02.2016-11.2017);
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі (11.2017 бастап)
Өзге лауазымдар:
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2006-2009);
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (02.2008-10.2008);
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (02.2009-06.2010);
ЮНЕСКО клубтар Азиялық-Тынық мұхиттық федерациясының президенті (09.2016 бастап)
2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды.
Мемлекеттік және халықаралық марапат, сыйлықақылар, құрметті атақтар:
«Құрмет» ордені