Жоба жайында
BAQ.KZ ақпарат агенттігі
BAQ.KZ ақпарат агенттігі мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту үшін 2010 жылдың қараша айында құрылған. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде №11820-ИА куәлігімен тіркелген.
BAQ.KZ – Қазақстанның түпкір-түпкірінен жиналатын айқын және маңызды жаңалықтар порталы. Мақсаты – интернет желісінде қазақ тілді БАҚ-тың ықпалын күшейту, қазақ тіліндегі контенттің көлемі мен сапасын, қазақтілді оқырманның белсенділігін арттыру.
BAQ.KZ ақпарат агенттігі 12 жылдық тарихында бірнеше кезеңінен өтті. Алғашқыда аймақтық басылымдардың беделін көтерумен жұмысын бастаған агенттік, бүгінде бұқаралақ ақпарат құралы нарығында өз орнын тапқан басты ақпарат құралы.
Қазіргі таңда сайт саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның өзге де тыныс-тіршілігі туралы жедел әрі шынайы ақпарат таратып келеді.
Бұдан басқа, Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, өңірлік билік органдары, ұлттық қаржылық және өндірістік құрылымдардың қызметі жөнінде де ресми хабар таратады. Агенттіктің өз оқырмандары қалыптасып, олармен кері байланыс бір жолға қойылған. BAQ.KZ ақпарат агенттігі қозғаған кез келген түйінді мәселе оқырман тарапынан ғана емес, шенеуніктер тарапынан да қолдау тауып жатады.
Елдегі саяси жағдайларды, тарихи оқиғаларды дер кезінде насихаттап, оқырманға шынайы, нақты, дәйекті ақпарат жеткізуде алдыңғы қатардағы ақпараттық ресурс. Қаңтар оқиғасы кезінде елдегі ахуалдан нақты ақпарат тарататын санаулы ақпарат көзінің бірі болғанын ерекше атап өтуге болады.
Сонымен қатар, жақында ғана өткен Конституциялық реформаға қатысты референдумды да бастан-аяқ насихаттады.
Қазіргі ақпараттық кеңістіктегі трендті ескере отырып, ақпарат агенттігі жекелеген айдарлар емес, нақты хештегтермен жұмыс істеп келеді. Яғни сайтта санаулы ғана айдар болса да, 100-ден астам хэштег қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелерді қамтып отыр.