Жалпы жаңалықтар
-
Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиынға Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің басшылық құрамы да қатысты.
23.06.2021
-
Қазақстанда ми ісігін емдеу арқылы медициналық туризмді дамытуға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында іске қосылған гамма-пышақ құрылғысы қатерлі дерттен емдеп қана қоймай, еліміздің медициналық туризмін дамытуға үлес қосуы мүмкін. Себебі гамма-пышақ бүгінгі таңда Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстанда ғана бар.
23.06.2021
-
Жергілікті тұрғындар Көлсайдың шарапатын көріп отыр ма?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысындағы көрікті мекен Көлсай мен Қайыңдыға халықтың көптеп келуімен жергілікті тұрғындар туристерге қызмет көрсетудің қыр-сырын меңгеріп, табыс табуда. Әсіресе қонақүй бизнесі мен таулы жерде арнайы көлікпен адамдарды аралату қызметі жандана түскен.
23.06.2021
-
Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада AgriTek/FarmTek Astana 2021 халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесі басталды.
23.06.2021
-
Мемлекеттік тіліміз еркін болсын десек, терминологиялық базаны қалыптастыру керек – Әділбек Қаба
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, «Терминологиялық база: тәжірибе және технология» атты республикалық әдістемелік семинарын өткізді.
23.06.2021
-
Әйелдің қолынан келмейтін дүние жоқ – полиция подполковнигі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 23 маусым – Қазақстан полициясы күні. 1992 жылғы 23 маусымда «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» заң қабылданды. 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен 23 маусымды «Полиция күні» деп бекітті. Осы уақыттан бастап бұл күн мерекеленіп келеді. Мерекеге орай ішкі істер органдарында қызмет етіп, елге үлес қосып жүрген нәзік жандылар да баршылық. Соның бірі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Гүлмира Шрахметовамен әңгіме өрбіткен едік.
23.06.2021
-
Жәрмеңкеден қалған жәдігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халид Айдархановтың көрсетуімен Қояндыға жетіп, ақсақалдың ақжайма дастарханы мен ақеділ көңіліне кенелген салт аттылар 21 маусым таңын сергек қарсы алды. Айтмұхан ақсақал өте ширақ, ауылды аузына қаратқан аузы дуалы, сөзі уәлі адам екен.
23.06.2021
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Жолбасшылар арасындағы ерекше эстафета
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық Ат туризмі федерациясының ұйымдастыруымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бозоқ – Жидебай салт аттылар экспедициясы жалғасып жатыр.
22.06.2021
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. 90 шақырым игерілмеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 19 маусым күні салт аттылар Бұқар жырау кесенесіне келгені жайлы айтқан едік. Сол жерде аудан өкілдері мен Бұқар жырау ауылының әкімі күтіп алған болатын.
22.06.2021
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар авто-экспедиция мүшелерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін баратын салт аттылар 18 маусым күні Жасыбай көлінен аттанып бара жатқанда тағы бір экспедиция мүшелеріне кездесті.
22.06.2021
-
Ертіс өңірінің ежелгі тұрғындары малшылар болған – археолог
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің ғалымдары 6,5 мың жылдық тарихы бар қорымдар кешенін зерттеуді жалғастыруда. Неолит дәуіріне тиесілі ескерткіштер тобы орналасқан жердегі қазба жұмыстары 10 жыл бойы жүргізілуде.
22.06.2021
-
Еңбек дауларының негізгі себептерінің бірі – жалақының төмендігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Сатыбалды Дәулеталин екі күндің жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. Еңбек дауларының алдын алу - ҚРКФ төрағасы мен Атыраудағы әлеуметтік әріптестер арасындағы келіссөздер күн тәртібіндегі басты мәселе.
22.06.2021
-
Этноауылдан интераңшылыққа дейін. Отандық туризм жаңа қырынан дами бастады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысында ішкі туризмді дамыту бағытында табиғатты қаз қалпында сақтай отырып, этноауыл, аңшылық кәсібі мен қодас өсіру инвестициялық жобасы іске асырылып жатыр.
22.06.2021
-
Нығматулин журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығын табыстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысын жариялап, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздарды анықтады.
22.06.2021
-
Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы Қоғамдық кеңестің құрамы жаңартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде онлайн форматта және жаңартылған құрамда Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
22.06.2021
-
Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір мәйіт табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты «Сайрам-Өгем» шатқалында тағы бір адамның мәйіті табылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
22.06.2021
-
QS рейтингіне енген қазақстандық ЖОО-лар марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ректорлар кеңесі өтті.
22.06.2021
-
Жамбылдық полицейлер күш құрылымдары арасындағы жарыста күміс жүлдеге ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан полициясының құрылғанына 29 жыл толуына орай «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысының күш құрылымдары арасында шағын футболдан турнир өтті.
21.06.2021
-
Енді елордалық дәрігерлер түркиялық әріптестерінің тәжірибесін қолданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Түркиядан келген дәрігерлердің елордадағы «Көпсалалы медициналық орталықтағы» әріптестерімен тәжірибе алмасу курсы басталды.
21.06.2021
-
ТІКА елордадағы Көпсалалы медициналық орталық мамандарына оқыту курсын өткізіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты «Көпсалалы медициналық орталыққа» 30 пациентке арналған медициналық құрал-жабдық түрінде гуманитарлық көмек табысталды. Бұл қайырымдылық шарасы Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТІКА) қолдауымын ұйымдастырылды.
21.06.2021