QS рейтингіне енген қазақстандық ЖОО-лар марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ректорлар кеңесі өтті.


Аталған университет қабырғасында QS халықаралық рейтингіне қатысып, оның институционалдық шегінен жоғары деңгейде өткен қазақстандық жоғары оқу орындарын марапаттауға арналған Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарының басшылары қатысуымен Ректорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырысқа елдің үздік университеттерінің басшылары қатысты. 


Сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Орталық Азия бойынша QS халықаралық агенттігінің аймақтық директоры Сергей Христолюбов та қатысты.

Ректорлар кеңесінің бүгінгі отырысы қазақстандық ЖОО-ларды QS халықаралық рейтингінің естелік белгілерімен марапаттауға және өзара ынтымақтастыққа қол жеткізгені туралы сөйлесетін боламыз. QS рейтингі қазақстандық ЖОО-лар үшін халықаралық позициялау алаңына айналды. Бүгінгі күні бұл рейтингке енген университеттер саны артып келеді, - деп атап өтті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.



QS рейтингінде соңғы жылдары өздерінің халықаралық позицияларын айтарлықтай нығайтқан 14 қазақстандық жоғары оқу орны институционалдық бағалауға ие болды. 




Ректорлар кеңесінің отырысында QS рейтинг агенттігінің атынан еліміздің жоғары оқу орындарына арнайы естелік белгілері табысталды.


Олар:

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - 175-орын;


2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - 328-орын;


3. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті - 482-орын;


4. Satbayev University - 501-510 орындар;


5. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - 551-560 орындар;


6. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті - 551-560 орындар;


7. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті - 601-650 орындар;


8. Қарағанды ​​техникалық университеті - 751-800 орындар;


9. Академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды ​​университеті - 801-1000 орындар;


10. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті - 801-1000 орындар;


11. Қазақстан-Британ техникалық университеті - 801-1000 орындар;


12. КИМЭП Университеті - 801-1000 орындар;


13. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - 1001-1200 орындар;


14. Toraighyrov University - 1201+ орын.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Келесі жаңалық
Астанада кафе өртенді
Өзгелердің жаңалығы