Жамбылдық полицейлер күш құрылымдары арасындағы жарыста күміс жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан полициясының құрылғанына 29 жыл толуына орай «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысының күш құрылымдары арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жарысқа ҰҚКД, ТЖД, ҚАЖД, ПД, Тараз қалалық ПБ, облыстық прокуратура, 5513 ә/б және басқа да құрылымдардан 13 команда қатысты.


Турнирдің салтанатты ашылуына Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов қатысты. Өз сөзінде ол қызметкерлерді алдағы Қазақстан полициясы күнімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға айқын жеңіс пен таза ойын тіледі.


Жарыс екі алаңда өтті, әр тайм 10 минутқа созылды. Командалар 4 топқа бөлінді. Финалдық ойында Жамбыл облысы ҰҚКД және Полиция департаментінің құрама командалары кездесті. 1:0 есебімен ҰҚКД командасы жеңіске жетті, екінші орынды Полиция департаментінің қызметкерлері иеленді. Үшінші орын үшін ДГД және Тараз қалалық Полиция басқармасының құрама командалары таласты. 3:0 есебімен ДГД командасы жеңіске жетіп, 3-орынды иеленді.


Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік шабуылдаушы» номинациясының үздік ойыншылары анықталды, олар Ерік Сүлейменов (ПД командасы), «Үздік ойыншы» - Эльдар Баймешев (прокуратура командасы), «Ардагерлер арасындағы үздік ойыншы» - Сапар Абдраманов (ІІО ардагерлер командасы).


Барлық номинанттар естелік мүсіндермен, ал жүлдегерлер мен жеңімпаздар медальдарға, кубоктарға, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы