Жалпы жаңалықтар
-
Еліміз танкистері жеңіске жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында өтіп жатқан жарысқа Қазақстан Қарулы Күштерінің танкистері қатысты.
24.08.2021
-
Қызылордалық зауыт қызметкерінің 99%-ы вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық «СКЗ-U» ЖШС кәсіпорны қызметкерлерінің 99%-ы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды. 260 адам жұмыс істейтін серіктестіктің 3 қызметкері ғана денсаулық жағдайына байланысты әзірге екпе ала алмаған көрінеді.
24.08.2021
-
Руслан Олжабаев. Қазақстандағы әскери техника өндірісі. Ұрыста дрон ештеңені шешпеуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі қорғаныс саласының әлеуеті, Қарулы күштеріміздегі техниканың жай күйі жайында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы полковник Руслан Олжабаевпен әңгімелескен едік.
24.08.2021
-
Өзбекәлі Жәнібеков Түркі әлемінің жоғалтып алған құндылықтарын қалпына келтірді
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматыда ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым Өзбекәлі Жәнібеквтың туғанына 90 жыл толуына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
24.08.2021
-
Қорғаныс министрі VII АрХО-2021-дің ашылуына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу түбіндегі Алабиноның «Патриот» паркінде Армиялық халықаралық ойындардың ашылу рәсімі өтті.
23.08.2021
-
ЕҰУ ғалымдары қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары ШҚО-ның Абай ауданына қарасты Тоқтамыс ауылы маңынан осыдан 4 мың жыл бұрын қаланған ескерткіштер тапты. Қазба жұмыстарын жүргізу кезінде топырақ астындағы тас қабырғалардан жылқы мен аңдардың суреттері шыққан.
23.08.2021
-
ШҚО үшін Ұлттық ядролық орталық үлкен маңызға ие – Даниал Ахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Энергетика министрі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі бұрынғы Семей сынақ полигонының әскери-өнеркәсіптік кешенінің базасында жұмыс істейтін Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығының жұмысымен танысты.
23.08.2021
-
Сотталған әйелдер Ішкі істер министрінің орынбасарына жүгінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарын реформалауды іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімовамен, Орталық Азиядағы PRI Өкілдігінің жетекшісі Жанна Назаровамен, «Адам құқықтары үшін хартиясы» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен бірге Алматы облысындағы ЛА-155/4 әйелдер колониясына барды.
23.08.2021
-
Президент ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
23.08.2021
-
Тоқаев Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев халық әртісі Әлібек Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттады.
23.08.2021
-
Тоқаев Алматы облысы басшылығына вакцина салуды жеделдетуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президентіне компанияның жұмысы мен шығаратын өнімдері туралы мәлімет берілді.
22.08.2021
-
Тоқаев Алматы облысындағы жағармай шығаратын зауытқа барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары барысында Іле ауданындағы «Лукойл Лубрикантс Орталық Азия» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің жағармай шығаратын зауытында болды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
22.08.2021
-
Мемлекет басшысы Алматы облысындағы кәсіпорын жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы «Маревен Фуд Тянь-Шань» кәсіпорнына барды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
22.08.2021
-
Мемлекет басшысы «Қайсар-2021» оқу-жаттығуына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан құрылымының Алматы облысындағы Жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығында өткен «Қайсар-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуларына барды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
22.08.2021
-
Ниеті бар адам мемлекеттік тілді үйреніп алады – Трегубова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордадағы Достық үйінде Қазақстан Конституциясы күніне арналған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылдығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
21.08.2021
-
Семейде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның муралы пайда болды
Алматы, BAQ.KZ. Желіде Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның муралы қалай салынғаны туралы бейне тарады.
21.08.2021
-
Автомобиль жолдары саласында білікті мамандар тапшы – Төлеген Абдуллин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Автомобиль жолдары саласына білікті мамандар жетіспейді. Бұл бульдозер, экскаватор, грейдер сияқты техникалардың операторлары. Сондай-ақ, зертханашы, геодезист, бригадирлер мен учаске шеберлерінің тапшылығы да байқалады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин сұхбат барысында айтты.
21.08.2021
-
АрХО-2021. «Артиллериядан оқ ату шеберлері» конкурсына қатысушылар жеребе тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армиялық халықаралық ойындары аясында 40-шы «Отар» әскери базасының аумағында өткізілетін «Артиллериядан оқ ату шеберлері» конкурсына қатысушылар арасында жеребе тастау рәсімі өтті.
20.08.2021
-
Ақтөбеде тұрмыстық қалдықты өңдеу көлемі артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер мен арнайы техника қала әкімдігіне тапсырылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
20.08.2021
-
Алтынбектің аңызы туралы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Осыдан бірнеше ай бұрын Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін салт атпен көпкүндік экспедицияға барып қайтқан едік. Осы сапарда байырғы мекен Баянауылдағы ҰТП қызметкері, елімізге белгілі эколог-қорықшы Алтынбек Құрмановтың аңызға толы әңгімесінің куәсі болған едік.
20.08.2021