Еліміз танкистері жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында өтіп жатқан жарысқа Қазақстан Қарулы Күштерінің танкистері қатысты.

Жарыс айналымындағы қарсыластар Әзербайжан, Беларусь және Сербия командаларының алғашқы экипаждары болды.

Жарыс басында-ақ Аягөз танк бригадасының механик-жүргізушісі аға сержант Нұрман Байжанов қарқынын үдетті. Ол трассадағы барлық кедергілерден мінсіз өтті. Гвардейск кентінен келген танк бригадасының әскери қызметшілері экипаж командирі капитан Абдулхәкім Дүйсенов пен көздеуші-оператор 3-сыныпты сержант Сұңғат Сәдуақасов НСВТ және ПКТ сынды зеңбіректер мен оқшашарлардан барлық нысанаға дәл тигізді.

Әзербайжан мен Беларусь елдерінен шыққан қарсыластар салмақты бәсекелестер болғанмен, алайда сенімді әрекет жасаған қазақстандық экипажға есе жіберіп, екінші және үшінші орындарға тұрақтады.

Жеке жарыс аясында әлі екінші және үшінші айналымдар өтеді. Барлық үш экипаждың жиынтық уақыты есептеліп,  жартылай финалға қатысушылар анықталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қармақшыда қарқын бар
Өзгелердің жаңалығы