Сотталған әйелдер Ішкі істер министрінің орынбасарына жүгінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарын реформалауды іске асыру шеңберінде Ішкі істер министрінің орынбасары Мұрат Баймұқашев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімовамен, Орталық Азиядағы PRI Өкілдігінің жетекшісі Жанна Назаровамен, «Адам құқықтары үшін хартиясы» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен бірге Алматы облысындағы ЛА-155/4 әйелдер колониясына барды.

Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс сапары барысында Ішкі істер министрінің орынбасарын сотталғандардың ұстау жағдайымен, мекеме жанында орналасқан «Балалар үйіндегі» сотталған әйелдер мен олардың балаларын медициналық қамтамасыз етумен, сондай-ақ колония аумағындағы өндіріс жұмысымен таныстырды.

ЛА-155/4 мекемесі - 3 жасқа дейінгі балаларды анасымен бірге ұстауға мүмкіндік беретін «Балалар үйі» бар Қазақстандағы жалғыз колония. Қазіргі уақытта балалар үйінде 31 бала тәрбиеленуде, олардың 11-і осы жылы дүниеге келген. «Балалар үйіндегі» бөбектер үшін жасалған жағдайлар мектепке дейінгі азаматтық мекемелерден іс жүзінде еш айырмашылығы жоқ. Сәбилер мен олардың аналары үшін медициналық қызметкерлердің жеке штаты жұмыс істейді. Бұдан басқа, бірқатар үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде Орталық Азиядағы PRI өкілдігі мекеменің техникалық және материалдық жабдықталуына көмек көрсетіп отырады, - делінген хабарламада.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің айтуынша, сотталған әйелдер үшін оң жаңалықтардың бірі - 3 жасқа толғаннан кейін балалардың анасымен бірге болу мерзімінінің ұзартылуы. Бұл шара Еуропа елдерінің озық тәжірибесі және егер сотталған әйел бір жылдың ішінде босатылатын болса, балалар 3 жасқа толғаннан кейін де анасымен бірге болу мүмкіндігіне ие болуы. Осылайша, бұл баланы ерте жастан анасынан ажыратпай, екеуінің де эмоционалды жағдайына жағымды әсер етеді.


ІІМ басшысының орынбасары мекемедегі қолайлы жағдайға сотталғандар үшін жұмыс орындарын көбейту маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Жұмыс сапары барысында қонақтар «Еңбек-Жауғашты» РМК филиалының және мекеме аумағында қызмет ететін жеке кәсіпкерлердің өндіріс орындарына барды. Колонияда жалпы соттлағнадардың 64%-ы жұмысқа орналасқан. Жұмыстың негізгі бөлігі тігін өндірісіне бағытталған, онда сотталғандар жылына орта есеппен 230 мың өнім шығарады.

Қазір сотталғандар, оның ішінде әйелдер колониялары үшін арнайы нысанды өзгерту туралы ұсыныс қаралуда. Жаңа киім өндірісі мекемелер аумағындағы тігін цехтарына тапсырылатын болады, - деді Мұрат Баймұқашев.

Сотталғандарды ұстау жағдайымен танысқан өкілдер жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді. Әйелдердің қойған сұрақтардың басым бөлігі алдағы қабылданатын, рақымшылыққа, кешірім жасау мүмкіндігіне, сондай-ақ мекемеде қосымша жұмыс орындарын құруға қатысты болды.

Ұстау жағдайларына бізде шағым жоқ, мұнда балаларымызға да қамқорлық жасайды. Біздің әкімшілік сотталған әйелдермен жұмыс істеудің қыр-сырын түсінеді. Әрине, бұл жерде оңай емес, әйелдер көбіне эмоционалды келеді. Әсіресе, мұндай колониялар туралы адамдар кейбір стереотиптеріне қатысты қоғамда және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен талқылайды. Сондай кезде көңіліміз түседі, - деп бөлісті сотталғандардың бірі қабылдау кезінде.

Қазіргі кезде бұл мекемеде түрлі қылмыстары үшін 500-ден аса әйел жазасын өтеп жатыр.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша М.Баймұқашев облыстық ведомство басшылығына сотталғандардың құқықтарының және жазаларды орындау саласындағы заңнаманың мүлтіксіз сақталуын бақылау саласындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы