Жалпы жаңалықтар
-
Тоғжанов бастаған делегация Шымкентке барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы негізгі басымдықтарды түсіндіру және орындау бойынша Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Шымкент қаласына барды.
09.09.2021
-
Елімізде Домбырашылар одағы құрылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматы қаласында өнер өкілдеріне «Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің куәліктері мен сертификаттар табысталды.
09.09.2021
-
«Екінші өмір»: Елордада КВИ жұқтырып, өкпесі 100% зақымданған науқас емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №3 көпбейінді қалалық ауруханадан коронавирус инфекциясын жұқтырып, 100% өкпесі зақымданған науқас толықтай емделіп шықты. Ковидтік стационарға 25 шілде күні түскен Асхат Отызбаевқа аталған медициналық мекеме қызметкерлері 45 күн бойы барлық ем-шараны жүргізген көрінеді.
09.09.2021
-
Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады.
08.09.2021
-
Арыста тұңғыш Гемодиализ орталығы ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арыс қаласындағы орталық аурухана жанынан гемодиализ орталығы ашылды. Емдеу-сауықтыру орталығының ашылуына қала басшылығы мен дәрігерлер, қала тұрғындары қатысты. Бұл туралы Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
08.09.2021
-
Нығматулин Венадағы парламенттік форум аясында екіжақты кездесулер өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуды және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін парламенттік дипломатия құралдарын пайдалануды қолдады.
08.09.2021
-
Елордада Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткіші ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында даңқты палуан, әлем, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
08.09.2021
-
Елордада отбасын құрған жұптарға неке куәлігі ресми түрде табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі Отбасы күні қарсаңында «Астана-Бәйтерек» монументінде жас жұбайларға неке қию куәлігін ресми табыстау рәсімі өтті. Игі шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық әкімдігі ұйымдастырған көрінеді.
08.09.2021
-
Алматыда «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда меценаттарды қолдау мақсатында төртінші рет өткізілген «Жомарт жүрек» байқауының лауреаттары марапатталды.
08.09.2021
-
Қарулы Күштерде батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштердің бөлімдері мен құралымдарында жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі – батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
07.09.2021
-
Елордаға 7 айда жарты трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында екі жыл ішінде инвестиция тарту жөніндегі кеңестердің нәтижесінде 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын, 150-ден астам жобаға қолдау көрсетілгенін айтты.
07.09.2021
-
Пара дзюдошы Теміржан Дәулет мемлекеттен алған қаражатты қайда жұмсайтынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Токио Паралимпиадасының пара дзюдодан күміс жүлдегері Теміржан Дәулет Мәдениет және спорт министрлігінде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде айтты.
07.09.2021
-
Паралимпиада-2020: Давид Дегтярёв қазақстандықтарға алғысын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токио Паралимпиадасының пауэрлифтингтен жеңімпазы Давид Дегтярёв Мәдениет және спорт министрлігінде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын айтты.
07.09.2021
-
Паралимпиадашылар Мемлекеттік наградалармен марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Токио Паралимпиада ойындарының жүлдегерлерін Мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсіміне қатысты.
07.09.2021
-
Паралимпиада ойындары тарихи жеңіске толы болды – Ақтоты Райымқұлова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде Токио-2020 Паралимпиада ойындарының чемпиондарын марапаттау рәсімі өтті.
07.09.2021
-
Тоқаев Петропавлдағы электротехника зауытына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Петропавлдағы «Alageum Electric» электротехника зауытына барды.
07.09.2021
-
Тоқаев: «CLAAS» өнімдерінің Қазақстан нарығына келуі – өте ірі инвестициялық оқиға
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «CLAAS» зауытына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
07.09.2021
-
Тоқаев: Үкімет ауыл еңбеккерлерін техникамен қамтамасыз етуі керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы егін жинау науқанының барысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
07.09.2021
-
«Сыр тұнған сырбаз жүрегің»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда әкімдігінің мемлкеттік академиялық филармониясың Қазақ оркестрінің «Астана» концерт залында көрнекті күйші, композитор, Халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері Тұяқберді Шәмеловтің 70 жылдығына арналған «Сыр тұнған сырбаз жүрегің» атты еске алу кеші өтті.
07.09.2021
-
Мемлекет басшысы Цифрлық үкімет офисіне барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық аналитикалық және цифрлық трансформация орталықтарын, ұлттық жобалау офисін қамтитын Цифрлық үкімет офисінің жұмысын бастауға рұқсат берді.
06.09.2021