Пара дзюдошы Теміржан Дәулет мемлекеттен алған қаражатты қайда жұмсайтынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Токио Паралимпиадасының пара дзюдодан күміс жүлдегері Теміржан Дәулет Мәдениет және спорт министрлігінде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде айтты.

Сонымен қатар пара дзюдодан Токио Паралимпиадасының күміс жүдегері Теміржан Дәулет те марапаттау рәсімінде сөз алып, алғысын айтты.


Құрметті спортсүйер қауым, кеше ғана Токио Паралимпиадасы аяқталды. Паралимпиада спортшылары атынан сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Біздің бұл жеңісіміз, жүлделеріміз мемлекет тарапынан және қазақ халқының спортшыларға көрсетіп келе жатқан қолдауының көрінісі. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көк байрағымыздың спорттық аренаның биігінде желбіретіп, Токио төрінде әнұранымызды шырқаттық. Алда әлі талай жеңісті сәттеріміз болады, - деді Токио Паралимпиадасының күміс жүлдегері.
Ол жарыс кезінде неліктен алтын медаль ала алмағанын айтып берді.
Алғашқы күні уақыт жағы және ыстық ауа райы аздап қиындық тудырды. Себебі біздің елмен салыстырғанда 5-6 градусқа ыстық болды. Жалпы дайындығымыз жақсы өтті. Психологиялық тұрғыда да дайын болдық. Токиода өз жерімізде жүргендей сезіндік. Алтынға жете алмағаныма өзім кінәлімін. Асығып, қателік жіберіп қойдым. Қарсыласты шаршатып, уақыт созуым керек еді. Сол кезде жеңіс менікі болатын еді, - деді пара дзюдошы.
Ол мемлекет тарапынан алған қаражатын өзінің қажеттілігіне жұмсайтынын айтты.



Өзімнің жұмыстарым, қарыздарым бар. Қаражатты өзіме жаратамын, - деді спортшы.
Айта кетсек, бүгін Қырымбек Көшербаев алтын медаль алған парапауэрлифтингші Давид Дегтярёвке 106 миллион, бапкеріне 84 миллион, күміс медальге ие болған парадзюдошылар Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариевке 63 миллион, бапкеріне 51 миллион, қола жүлдегер атанған Нұрдәулет Жұмағалиге 31 миллион теңге, бапкеріне 25 миллион теңге қаржылай сыйақы табыстады.


Еске сала кетсек, бұған дейін Давид Дегтярёв алтын алып, жүлдегер атанды. Ал татамиде өнер көрсеткен парадзюдошыларымыз Әнуар Сариев пен Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина Олимпиаданың күміс медалін, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.


Жалпы есеп бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс және бір қола медаль бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы