Паралимпиада-2020: Давид Дегтярёв қазақстандықтарға алғысын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токио Паралимпиадасының пауэрлифтингтен жеңімпазы Давид Дегтярёв Мәдениет және спорт министрлігінде жеңімпаздарды марапаттау рәсімі кезінде қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғысын айтты.


Маған қолдау көрсеткен Қазақстан халқына ризашылығымды білдіремін. Жеңісімді еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын. Қазақстанның атын әлемге танытып, жүлделі орындардан көріне беруге уәде беремін, - деді парапауэрлифтингші Давид Дегтярёв.


Айта кетсек, бүгін Қырымбек Көшербаев алтын медаль алған парапауэрлифтингші Давид Дегтярёвке 106 миллион, бапкеріне 84 миллион, күміс медальға ие болған парадзюдошылар Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Әнуар Сариевке 63 миллион, бапкеріне 51 миллион, қола жүлдегер атанған Нұрдәулет Жұмағалиге 31 миллион теңге, бапкеріне 25 миллион теңге қаржылай сыйақы табыстады.


Еске сала кетсек, бұған дейін Давид Дегтярёв алтын алып, жүлдегер атанды. Ал татамиде өнер көрсеткен парадзюдошыларымыз Әнуар Сариев пен Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина Олимпиаданың күміс медалін, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль алды.

Жалпы есеп бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы