Жаңалықтар
-
Еңбекшіқазақ ауданының әкімі ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімінің өкімімен Қуаныш Қалиұлы Қашқымбаев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды.
01.07.2020
-
Коронавируспен күрес. Әскери дәрігерлердің де әлеуеті мықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әскери дәрігерлер мен медбикелер - коронавирустық инфекциямен күресте алдыңғы қатарда тұрғандардың бірі. Індеттің таралу қаупі бар жағдайда Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери-медициналық басқармасымен әскердің жеке құрамының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету және сақтау бойынша қажетті жұмыс ұйымдастырылды.
01.07.2020
-
Nur Otan-ның араласуымен шаруаларға субсидия беру мәселесі шешілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада 51 шаруа қожалығы "Nur Otan" партиясының араласуымен субсидия алатын болды. Олардың қатарында Шиелі ауданына қарасты "Ақмая" шаруа қожалығы да бар.
01.07.2020
-
Өткен жылы елімізде фармацевтика өндірісі 112%-ға өскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын аяқталды. Бағдарлама елдің өнеркәсіптік дамуына жаңа серпін берді. Өнеркәсіп өткен жылы 3,8%, оның ішінде өңдеуші сектор 4,4%, тау-кен өндіру 3,7% өсті.
01.07.2020
-
Каверлер арасында Абай әндерінен байқау жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 жеңімпазға 50 000, 30 000 және 20 000 теңге беріледі.
01.07.2020
-
"БЖК - 2025" бойынша несие көлемі 7 млрд теңгеге ұлғайтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы бағдарлама аясында салалық шектеулер алынып тасталды. Бұдан бөлек, микро және шағын кәсіпкерлікті микрокредиттеу тетігі қосылды. Кредиттер 6% мөлшерлеме бойынша қолжетімді бола түсті. Сіздердің назарларыңызға 2013 жылдан осы уақытқа дейінгі "БЖК - 2025" бағдарламасының нәтижелерін ұсынамыз.
01.07.2020
-
Павлодарда резервті провизорлық госпитальдер жасақталуда
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде 3 мың резервті провизорлық төсек орын жасақталуда. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандырып, пневмониямен күрес жұмыстарын күшейту мақсатында осындай шаралар қолға алынған.
01.07.2020
-
Елорда күні: Барлық іс-шара онлайн режимде өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін елорда күніне жоспарланған барлық іс-шара тоқтатылды.
01.07.2020
-
5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жарияланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
01.07.2020
-
Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2% артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауында Елбасы еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есеге көбейтуді тапсырды. Қазір ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 5 айда 14,3% өсіп, 145,1 млрд теңгені құрады.
01.07.2020
-
Тоқаевтың уәкілі екі жылға той жасауды шектеу жайлы ұсыныс жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин елімізде той жасауды шектеуді ұсынды.
01.07.2020
-
Тарих ғылымдарының докторы Қырықбай Аллаберген қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарих ғылымдарының докторы, елімізге белгілі журналист Қырықбай Аллаберген қайтыс болды.
01.07.2020
-
Ұлттық психология және бала тәрбиесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі психолог-маман Нұргүл Молдабайқызы қазақтың бала тәрбиесіне қатысты салт-дәстүрлерінің астарындағы психологиялық мәнін түсіндіреді.
01.07.2020
-
"Тур де Франс" веложарысы онлайн өтетін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда жүз жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан әлемнің ең танымал велосипед жарысы "Тур де Франс" алғаш рет әдеттегідей шілдеде емес, тамыз айында өтеді.
01.07.2020
-
Еліміздің оңтүстігінде жел соғып, найзағай ойнайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 3 облыста ауа райының күрт бұзылуына байланысты дабылды ескерту жариялады.
01.07.2020
-
Сочидегі Малое көлі құрғап қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мұндай кенеттен болған табиғи құбылысты Кавказ қорының қызметкерлері байқаған, деп хабарлады РИА Новости.
01.07.2020
-
Талай қазақ баласы Ресейде онлайн оқып жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда пандемияға дейін де қашықтан оқитын оқушылар бар. Бірақ олар қазақстандық емес, Ресейдің мектебінде оқиды. Алматы тұрғыны Роза Әшірбаева екі баласы мәскеулік мектепте онлайн білім алып жатқанын айтты.
01.07.2020
-
Шымкент әкімі: Науқастар еш қиындықсыз емделуі керек және халықты күттірмеңдер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен танысу барысында Мұрат Дүйсенбекұлына қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Рустам Албаев госпитальдегі қазіргі жағдайды баяндады.
01.07.2020
-
Пусанға саяхат. Корей мәдени орталығы тур өткізіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы Корей Республикасы елшілігі жанынан құрылған Корей мәдени орталығы Пусанға онлайн тур өткізіп жатыр.
01.07.2020
-
Атыраулықтарға шприц тегін таратылып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін алғашқы 500 мың медициналық құрал еріктілер мен қала маңындағы ауылдық округ әкімдіктеріне берілді.
01.07.2020