Жаңалықтар
-
US Open: Елена Рыбакина төртінші айналымға шыға алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші, әлемнің 20-ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің төртінші айналымына шыға алмады.
04.09.2021
-
Қырғызстанда парламент сайлауына 38 партия қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің 2-сі күнгі сағат 18:00-дегі нәтиже бойынша Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясына 38 саяси партиясы Жогорку Кенеш (парламент) депутаттарының сайлауына қатысуға ниет білдірген.
04.09.2021
-
Даниал Ахметовтің жаңа орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша және облыс әкімінің өкімімен ШҚО әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жөніндегі орынбасары болып Нұржан Жұмаділов тағайындалды.
04.09.2021
-
Қазақстан қанша елдердің вакцинация паспортын мойындайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов «Халық арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі жүргізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 28 Қаулыға өзгеріс енгізді.
04.09.2021
-
Ақмола облысында 4,5 мың тауық қырылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысындағы құс фабрикасында тауықтар жаппай қырылуда. Қызметкерлердің айтуынша, құстар індеттен емес, аштықтан қырылып жатқан көрінеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
04.09.2021
-
Испания нөсер астында қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Билік туристер мен су басқан провинциялардың тұрғындарынан үйден кетпеуін сұрайды.
04.09.2021
-
Гүлшара Әбдіқалықова Бақытжан Сайлыбаевтың отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Сыр елінің білім-ғылым, ағарту саласын дамытуға сүбелі үлесін қосқан педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әбдіқалықұлы Сайлыбаевтың дүниеден озуына байланысты отбасына, туған-туыстарына көңіл айтты.
04.09.2021
-
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» жеңіліспен бастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатын жеңіліспен бастады.
04.09.2021
-
Алматыда автотұрақтан өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда қараусыз тұрған автотұрақтан өрт шықты.
03.09.2021
-
Панджшер провинциясы гуманитарлық көмекке мұқтаж
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауғанстанның бұрынғы бірінші вице-президенті Амрулла Салех өзінің Facebook парақшасында «Талибан» содырлары Ауғанстанның Панджшер провинциясына гуманитарлық көмекпен жүк жіберуге жол бермейтінін жазды.
03.09.2021
-
Елорда әкімі ЖОО мен колледждер үшін 5300 грант бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов жоғары оқу орындары мен колледждерге 5300 білім гранты бөлінгенін айтты. Бұл туралы шаһар басшысы өзінің инстаграм парақшасында жазды.
03.09.2021
-
Сағынтаев тау туризмінің қауіпсіздігімен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тау туризмінің қауіпсіздігі мен жайлылығы және модульдік құрылым сияқты үйшіктердің қалай құрастырылып жатқанын тексерді. Бұл туралы әкім өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.
03.09.2021
-
Қызылордада салығы төленбеген автокөлік тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 миллион теңгеден астам салықтық қарызы бар қызылордалық азаматтың көлігі айып тұрағына қойылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.
03.09.2021
-
Ұланбатырда Қазақстан жайлы көрме ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Моңғолия астанасының Д. Нацагдорж атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30-жылдығы мен Конституциясы күніне арналған «Әлемдік қоғамдастық таныған Қазақстан» атты фотокөрме ашылды.
03.09.2021
-
Қазақстан-Венгрия рейсі ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Қазақстан мен Венгрия арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі қаралды.
03.09.2021
-
АрХО-2021. Қазақстан әскерилері екі конкурстың жеңімпазы атанды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армия халықаралық ойындары аяқталуға жақын. Еліміздің әскери қызметшілері ұшқышсыз ұшу аппараттары арасындағы «Сұңқар аңшылығы» және минаатқыш есептоптарының «Артиллериядан оқ ату шеберлері» жарыстарында бұлтарыссыз жеңіске жетті.
03.09.2021
-
Сұлтанов ДСҰ Бас директорымен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Женеваға жұмыс сапары өтті. Кездесу барысында алдағы 12-ші Министрлік конференциясының ықтимал субстантивтік қорытындыларын талқылау мақсатында ДСҰ-ның Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала және ДСҰ-ға мүше негізгі елдердің Елшілерімен келіссөздер жүргізілді.
03.09.2021
-
Ұлттық Банк 30 грант бөлді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің еншілес ұйымдары мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне білікті кадрлар даярлау үшін «Назарбаев Университеті» ДБҰ мен «Нархоз университеті» КЕАҚ білім алуға 30 грант бөлді.
03.09.2021
-
ӘЧ. Ел құрамасы еселі жеңіспен оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан құрамасы биатлоннан және триатлоннан әлем чемпионатында 21 медальге қол жеткізіп, жуырда салтанатты жеңіспен оралды.
03.09.2021
-
Елорда маңында екі жүк көлік соқтығысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда маңында екі жүк көлігінің қатысуымен жол апаты болды, деп жазды Хабар24.
03.09.2021