Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» фестиваль-концерті ұйымдастырылды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. «Алматы Арена» стадионында студент жастарға арналған ауқымды концерттік бағдарлама өтіп жатыр.

Концертке танымал тұлғалар мен белгілі әншілер де қатысып жатыр. Аталған шара ҚР Президентінің Жаңа Қазақстанды құру туралы бастамасын қолдау мақсатында және Алматы жастарына жақсы серпіліс беру үшін ұйымдастырылып отыр.

Кәсіпкер әрі меценат Сырымбек Тау президентің Жаңа Қазақстанды құру бастамысын қолдай отырып, жастарға осындай мерекелік концерт ұйымдастырып беруді шешкендерін жеткізді.

Жаңа Қазақстанды қалай құрамыз? Жастар үшін не істей аламыз деген мәселе төңірегінде ойлана келе, жастарға мотивация беретін, позитивті көңіл-күй сыйлайтын концерт ұйымдастыруды жөн көрдік. Мен ешқандай партияның мүшесі емеспін, еш ұйымның құрамында жоқпын. Жас кәсіпкер ретінде осындай істі жасағым келді, – дейді Сырымбек Тау.

Концерттік шараға қаладағы жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 15 мыңнан астам студент қатысып жатыр.

 
Сахнада жас әшілер ән шырқап, жас актерлер әзілдерімен әдемі көңіл сыйлауда.

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің екінші курс студенті Айбек Қасымбек оқуға түскелі мұндай кешке алғаш рет қатысып отырғанын айтады.

Біз оқуға тапсырған уақыт пандемиямен сәйкес келгендіктен көптеген іс-шарадан тыс қалдық. Бүгінгі концерттік шара жоғары деңгейде өтіп жатыр. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылса деген тілегіміз бар, - дейді студент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы