Жаңалықтар
-
Ертең бірқатар өңірде тұман түсіп, екпінді жел соғады – Қазгидромет
4 қазан күні Қазақстанның бірнеше облысында екпіні күшті жел соғып, тұман түсіп, үсік жүруі мүмкін. Сонымен қатар елдің оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде жоғары және төтенше деңгейдегі өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.10.2025
-
Астанада өткен стартап-баттлда үздіктер анықталды
Елордада Орталық Азиядағы ең ірі инновациялық дода — Astana Hub Battle 2025 өз мәресіне жетті. Биылғы байқау тарихта тұңғыш рет бірден алты стартаптың жеңісімен есте қалды. Жеңімпаздардың әрқайсысы 25 мың доллар көлемінде грантқа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.10.2025
-
27 мыңнан аса адамнан анықталды: Қазақстанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны күрт артты
Қазақстанда жыл басынан бері 27 мыңнан аса адамнан онкологиялық ауру анықталды. Оның үштен бірі ерте сатысында анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.10.2025
-
2025 жылғы астық бағасы жарияланды
Аграрлық сала өкілдерін қолдау және қазақстандық астық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» жаңа егіннің астық бағасын нарықтық деңгейден жоғары етіп жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.10.2025
-
Камераға түсіп қалған күдіктілер: елордада жас жігіттер есірткімен құрықталды
Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен есірткі қылмыстарына қарсы айлық өтіп жатыр. Қалалық полицейлер ірі көлемде есірткімен жасырып кетіп жүрген екі жігітті ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.10.2025
-
Қошанов: Қоғамдық палата Парламентті реформалау жөніндегі пікірталаста шешуші орынға ие болуы керек
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қоғамдық палата мүшелерімен кездесіп, Президенттің бастамаларын жүзеге асыру барысын және алдағы кезеңнің күн тәртібін талқылады. Іс-шараға Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.10.2025
-
Блогер туған күнінде болашақ күйеуімен бірге жол апатынан қаза тапты
Ол 29 жасқа толған туған күнінде күйеу жігітімен және досымен бірге жол апатынан көз жұмды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы мен апат себептері анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Diário de Pernambuco басылымына сілтеме жасап.
03.10.2025
-
Алматыдағы тергеу изоляторында қамаудағы судья қайтыс болды
Алматы қамау изоляторында пара алды деген күдікпен отырған судья Дастан Слямкулов қайтыс болды. Бұл туралы журналист Михаил Казачков өзінің телеграм-арнасында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.10.2025
-
Қазақстанда доллар бағамы өсіп жатыр
Қазақстанда доллар бағамы қымбаттап, 547,57 теңгеге жетті. Айырбастау пункттерінде доллар 549 теңгеден сатылып жатыр. Еуро мен рубль бағамы да өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.10.2025
-
KEW–2025: Энергетикадағы жаңа сын-тегеуріндер мен Қазақстанның жаһандық рөлі
Астанада өткен Kazakhstan Energy Week – 2025 және XVI Еуразиялық Kazenergy форумы аяқталды. Форумның екінші күнінде жаңа энергетикалық тәртіп, климаттық өзгерістер, мұнай-газ саласындағы келешек пен адами капиталдың рөлі, энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастық, жасыл экономикаға көшу, газ нарығының болашағы, кадрлық саясат пен ірі мұнай-газ жобалары талқыланды. Негізгі панельдік сессиялардың не туралы болғанын BAQ.KZ тілшісі материалынан оқи аласыз.
03.10.2025
-
Трамп Украинадағы қақтығысқа нүкте қоюға уәде берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль соққы жасап жатқан Газа секторында атысты тоқтатуға қол жеткізуді, содан кейін Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа «нүкте қоюды» жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
03.10.2025
-
Мектеп асханасында фастфуд пен газды сусын сатқан кәсіпкерді қандай жаза күтіп тұр?
Мектеп асханаларында фастфуд пен тәтті сусындар сатқандарға айыппұл салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Садвакасов бүгін өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.10.2025
-
Өмірімнің қиын кезеңі артта қалды: сотталған әйел бостандық қуанышымен бөлісті
Қызылордада 5 жылға сотталған әйел бостандыққа шықты. Ол жаңа өмір бастауға, отбасымен қауышуға ниетті екенін айтты. «Қақпа алдында кездесу» шарасында мамандар әлеуметтік-құқықтық кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
03.10.2025
-
Қостанайда полиция қызметкерлері зейнеткердің 3,3 млн теңгесін сақтап қалды
71 жастағы Қостанай тұрғыны алаяқтардың айласына түсіп, барлық жинағын беріп қоя жаздады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.10.2025
-
Ерұлан Қабдулов ММА-ден екі дүркін әлем чемпионы атанды
27 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Грузия астанасы Тбилисиде аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионаты өтті.
03.10.2025
-
1 млрд тонна мұнай: Каспий құбыр консорциумы тарихи белеске жетті
Каспий құбыр консорциумы (КТК) ресми түрде маңызды межеден асты – құбыр жүйесі іске қосылғаннан бері Теңіз терминалынан миллиардыншы тонна мұнай жөнелтілді, деп хабарлайды BAQ.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03.10.2025
-
Өскеменде автобустар лық толы, көпір жетіспейді. Ал енді неге аспалы жол салынбақ?
Өскеменде билік жолдарды жеңілдетудің тосын тәсілін ойлап тапты – аспалы жол салмақ. Шенеуніктердің есебінше, “аспалы жол” жылына жеті миллионнан астам жолаушыны тасымалдап, тіпті қаланың көлік жүйесінің бір бөлігіне айналуы тиіс. Алғашқы кезеңде ол Мемлекеттік рәміздер тауы мен Ертіс жағалауын жалғайды. Бірақ әкімдік туристік имидж бен даңғаза жобаларға басымдық беріп жатқанда, тұрғындар автобустардың лық толы екенін, ескіргенін, трамвайлардың жиі істемей қалатынын, ал Ертістен өтетін көпірлердің катастрофалық жетіспейтінін айтып шағымдануда. Мәселені BAQ.KZ тілшісі зерттеп көрді.
03.10.2025
-
Қазақстанда қанша мұнай мен газ бар? – Сарапшы жауап берді
Kazakhstan Energy Week – 2025 және XVI Еуразиялық KAZENERGY форумы аясында өткен “Қазақстан мұнайы: перспективалар және жаңа ресурстар” атты сессияда "Ұлттық геологиялық қызмет" АҚ басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев еліміздің геологиялық барлау әлеуеті мен мұнай қорының нақты жағдайы жөнінде маңызды деректерді бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.10.2025
-
Тоқаев Үкіметке "Торғай - Ырғыз" жолының құрылысын жеделдетуді тапсырды
Президент Үкіметке «Торғай - Ырғыз» және батыс бағытындағы басқа да автокөлік жолдарының құрылысын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, деп хабарлайды BAQ.KZ.
03.10.2025
-
Студенттер 2026 жылдан бастап ЖИ негіздерін оқиды
Қазақстан өңірде алғашқылардың бірі болып жасанды интеллектіні жоғары білім берудің міндетті элементі ретінде енгізіп жатыр. Бұл туралы XVI Еуразиялық Kazenergy форумының “Жұмысшы мамандықтар жылы: адамдар энергиясы” атты панельдік сессиясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
03.10.2025