Халық қатысатын бюджет: Атырауда 44 нысанда ойын және спорт алаңдары салынады
Биыл "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында 44 аумақта жаңа ойын және спорт алаңдарын, сондай-ақ кіші футбол алаңдарын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Биыл "Халық қатысатын бюджет" жобасы аясында 44 аумақта жаңа ойын және спорт алаңдарын, сондай-ақ кіші футбол алаңдарын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Дулат Қуанғали мәлім етті.
Жоба аясында Азаттық пен М.Қазырет көшелері, Еркінқала 1–2, Авангард шағынауданы, Владимирский және Абай көшелері, Алмалы ауылдық округі және тағы басқа аудандар қамтылды. Қазіргі уақытта жұмыстардың 80 пайызы аяқталған. Алаңдар халықаралық стандарттарға сәйкес жабдықталуда. Кіші футбол алаңдарына жасанды көгал төселіп, қауіпсіздік қоршаулары орнатылады. Сондай-ақ түнгі уақытта ойнауға мүмкіндік беретін жарық шамдары, шағын қақпалар және белгіленген ойын аймақтары қарастырылған, – деді Дулат Қуанғали.
Бұдан бөлек "Балалар ойын және спорт алаңдарын жаңарту" жобасы аясында Атырау қаласының 40 мекенжайында балалар ойын алаңдары мен ашық спорттық жаттығу алаңдары салынуда. Қазіргі уақытта резеңке қабат төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, аталған нысандардың барлығы жыл соңына дейін халық игілігіне пайдалануға беріледі.
- АҚШ Ираннан Ормуз бұғазындағы кеме қатынасына кепілдік талап етті 00:30
- Қазақстандық жеңіл атлет Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды 11.07.2026
- ШҚО-да фестиваль кезінде адасып кеткен екі жасар сәби аман-есен табылды 11.07.2026
- Жезқазғанда трансформаторлық қосалқы станса өртенді 11.07.2026
- Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады 11.07.2026
- Елімізде бір тәулікте екі орман өрті тіркелді 11.07.2026
- Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалінде қонақтарға 1 тонна шұбат ұсынылды 11.07.2026