Жаңалықтар
-
Теміртаулық оқушылар экскурсия жүргізетін робот құрастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда KazRoboProject-2019 ғылыми-техникалық жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті. Қатысушылар «Қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру» тақырыбындағы жұмыстарын ұсынды. Жеңімпаздар ақтық сайысқа өтіп, бас жүлде үшін бақ таластыратын болады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
24.04.2019
-
Хоккейден Әлем чемпионатындағы ел құрамасының тұмары белгіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бірінші дивизиондағы бойтұмары "Барыс" есімді қар барысы болады. Бұл туралы SPORTINFORM ақпарат агенттігі хабарлады.
24.04.2019
-
Елбасы кітапханасында президенттік институт қызметінің өзекті мәселелері талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Назарбаев орталығында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) ұйымдастыруымен «Президенттік институт – мемлекеттілікті нығайтудың факторы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы кітапхананың баспасөз қызметі мәлім етті.
24.04.2019
-
Бірлікті бекемдеуге әрқайсымыз атсалысуымыз керек – Ринад Бектимиров
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Тобыл-Торғай өңірінде 16 мыңнан астам татар, 4 мыңға жуық башқұрт тұрады. Олардың салт-дәстүрін, тілін ұмытпай, мерекелерде бас қосуына «Дуслық» этномәдени бірлестігі себепші болып жүр.
24.04.2019
-
ШҚО-да инспекторларға қарсылық көрсеткен браконьерлер ескек сілтеп, қайықтарын төңкермек болды
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Зайсан көлі мен Қара Ертісте заңсыз балық аулаған браконьерлер инспекторларға қарсылық көрсетіп, оқиға орнынан із жасырған. Бұл туралы ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады.
24.04.2019
-
Қордайда апатқа ұшыраған автобус жүргізушісі қамауға алынды
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында орын алған ірі жол-көлік оқиғасы кезінде аударылған автобустың жүргізушісі қамаққа алынды. Полиция қызметкерлері 44 жасар азаматты Қордай аудандық уақытша ұстау изоляторына жапты.
24.04.2019
-
Сапарбаев: 3 жылда кемінде 1 млн 100 мың жұмыс орнын ашу көзделген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевты қабылдады.
24.04.2019
-
Руслан Исмазов: Мемлекеттің ішкі тұрақтылығы – біз үшін қымбат құндылық
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Әрбір қазақстандықтың өмір сапасын жақсарту арқылы әлеуметтік бірлікті қалыптастыру – Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасының басты мақсаты. Жер бетінде теңдесі кем қоғамдық институттың алға қойған мақсат-міндеттері қалай жүзеге асырылуда?
24.04.2019
-
Ақтөбеліктер қоныс тойын тойлады
Ақтөбе, BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбеде көпбалалы отбасыларға пәтер беру келесі айда басталады. Қазір аймақта 10 мыңнан астам әлеуметтік жағдайы төмен отбасы баспана кезегінде тұр. Ал бүгін 11 отбасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспаналы болды.
24.04.2019
-
Тоқаев Ұлттық банктің 2018 жылғы жұмысын қорытындылау бойынша кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Б.Сағынтаев, Президенттің көмекшісі Т.Сүлейменов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Ә.Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев, Ұлттық экономика министрі Р.Дәленов қатысты.
24.04.2019
-
Біздің еліміз үшін ең бастысы – бұл тыныштық – профессор
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Нұротандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет басқаруға ең лайықты кандидат екендігін атап көрсетті. Бұл ұсынысқа атыраулықтар да қолдау білдіріп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы саясатын жалғастырып, сабақтастықты сақтайтындығына сенім артып отыр.
24.04.2019
-
Жамбыл облысында шеге өндірісі қолға алына бастады
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысындағы ауылдан шеге шығарыла бастады. Жуалы ауданы Шақпақата ауылында тұратын жас кәсіпкер Еламан Пернешов шегенің бірнеше түрін шығаруда. Ол өз үйінің ауласынан шағын цех ашып, он-шақты ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыған.
24.04.2019
-
Қазақстан тарихы жаңа жетістіктермен толығарына сенемін – Нұрмахан Жолдасов
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмаxан Жолдасов билік басына Елбасының сенімді серігі болған азамат келсе, Қазақстан тарихы жаңа жетістіктермен толығарына сенетінін айтты.
24.04.2019
-
Нұротандық депутаттар «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XIX Съезін қорытындылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Nur Otan партиясы Фракциясының Төралқасы өтті. Онда депутаттар-Фракция мүшелері Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX Съезін қорытындылады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
24.04.2019
-
ШҚО-да мемлекеттік қызмет түрлерін үйден алуға жағдай жасалуда
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде мемлекеттік қызмет тізіліміндегі 752 қызметтің 85 пайызын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсетіп отыр. Бұл жөнінде аталмыш корпорацияның үш жылдық жұмысын қорытындылаған баспасөз мәслихаты барысында айтылды.
24.04.2019
-
Елбасы идеялары «Қазақтану» жобасы аясына топтасқан – Арзу Гурбанова
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н. Назарбаев айтқандай халық үшін тұрақтылық пен татулықтан артық ешнәрсе жоқ.
24.04.2019
-
Қырғыздың қазіргі заман әдебиеті қазақ оқырмандарына жол тартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан «Eurasian Book Fair–2019» ІV Евразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында Халықаралық Түркі академиясы қырғыз тілінен қазақ тіліне аударылған бірнеше кітапты таныстырды.
24.04.2019
-
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
24.04.2019
-
"Ақ жол" партиясының атынан сайлауға түсетін үміткер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында "Ақжол" демократиялық партиясының кезектен тыс XV құрылтайы өтіп жатыр. Жиында партия атынан 6 адам сайлауға үміткер екенін мәлімдеді.
24.04.2019
-
Алматыда есірткі қабылдап, масаң күйде рөлге отырған азамат ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда есірткі қабылдап, жүргізу куәлігінсіз рөлге отырған адамның жолы кесілді. Бұл туралы Алматы қаласы ПД хабарлады.
24.04.2019