Жаңалықтар
-
Головкиннің World Boxing ұйымын басқаруы Қазақстанға не береді?
Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды және әлемдік спорт ұйымын басқарған алғашқы қазақстандық атанды. Танымал боксшыға бұл жаңа лауазым не үшін қажет, ол қандай мәселелерді қадағалайды және жалпы World Boxing деген қандай ұйым? Толығырақ BAQ.KZ материалында.
27.11.2025
-
Мәжіліс спикері Аустрия Парламентінің төменгі палатасы төрағасының орынбасарын қабылдады
Астанаға жұмыс сапарымен келген Аустрия Республикасы Федералды Жиналысының Ұлттық кеңесі төрағасының орынбасары Петер Хаубнер Мәжіліскекелді. Палата спикері Ерлан Қошановпен кездесуде тараптар парламентаралық байланысты нығайту жолдарын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.11.2025
-
Үкіметте 2,7 трлн теңгені қамтитын жобалар талқыланды
Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің халықаралық қаржы ұйымдарымен (МҚҰ) ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
27.11.2025
-
"Уколдан" кейінгі өлім: Таразда екі адамға сот үкімі шықты
Таразда «Цефтриаксон» препаратын еккеннен кейін абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жағдайға қатысты медбикеге сот үкімі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Әскери қызметші ант қабылдау кезінде екі көзінен айырыла жаздады
Қорғаныс министрінің орынбасары Серік Боранбаев әскери ант қабылдау кезінде жарақат алған қызметкерге қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Алматыда жолаушы автобус жүргізушісіне шабуыл жасады
Желіде Алматыда автобус жүргізушісіне жасалған шабуылдың видеосы тарады. Оқиғаға қала полициясы түсінік берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Дәрігерлердің ауыр халдегі науқастардың құқықтарын бұзу фактілері анықталды
Павлодар прокуратурасы онкологиялық науқастардың құқықтарының бұзылуын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Интеллектуалды әдебиет деген не?
Шығармадағы жалаң баяндау емес экзистенциялық сұрақтарға жауап іздеу – бұл интеллектуалды әдебиет. «Әдебиет порталының» «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасының кезекті шығарылымына қонақ болған белгілі әдебиеттанушы Баян Керімбекова осындай анықтама берді.
27.11.2025
-
Туған жеріне оралған кардиохирург: Қазақстанда 20 баланың жүрегіне жаңа өмір сыйлады
Әлемдегі балалар кардиохирургтарының үздік бестігіне кіретін, Мельбурн университетінің профессоры, phD Игорь Константинов тарихи Отаны – Қазақстанға келіп, жергілікті дәрігерлермен бірге бір ай ішінде 20-дан астам балаға күрделі жүрек операциясын жасады. Бұл туралы белгілі кәсіпкер Айдын Рақымбаев мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Елдегі 41 әскери кафедрадағы дайындықтан 12 мың студент өтеді
Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында бүгінде 41 әскери кафедра жұмыс істейді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Серік Борамбаев Мәжілісте өткен отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
“Ортақ тіл таптық”: Даулы “Алтын Орда” базарының қазіргі жай-күйі қандай?
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев “Алтын Орда” базарындағы қазіргі жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Тағы бір сала оқытушылары 140 мың теңге ғана табады: Министрлік мәселені шешуді ұсынды
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Мәжілісте өткен отырыста әскери кафедралардағы мемлекеттік білім беру тапсырысының құны төмен болып отырғанын айтып, мәселені шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Университеттердегі әскери кафедралар факультетке айналуы мүмкін
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова еліміздегі жоғары оқу орындарының әскери даярлық жүйесінде бірқатар өзгеріс енгізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
"4" алып жүрген жалғыз сен бе?": Әкесі мен қызының әңгімесі жүректі елжіретті
Әлеуметтік желіде әкесі мен мектептен келген қызының сөйлескен сәтінің видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Қазақстанда әскерден келген 700 азамат ҰБТ тапсырмай грантқа түсті
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Мәжілісте өткен жиында мерзімді әскери қызметін өтеген азаматтарға арналған жеңілдіктер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне қойылатын талаптар күшейтілмек
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Мәжілісте өткен отырыста “Алғашқы әскери дайындық” пәні мұғалімдерін даярлау және олардың жұмысын реттеу бойынша жаңа талаптар енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Алматылық жастар орталығы Қырғызстан өкілдерінің қызығушылығын тудырды
Бүгін, 27 қарашада, Алматыда Қырғыз Республикасының делегациясы, Әуезов ауданының комьюнити-орталығын аралады. Қонақтарды Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Искаков қарсы алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Қазақстанда 250 мыңнан астам оқушы қашықтан оқып жатыр
Қазақстанның 13 өңірінде 11,8 мыңнан астам сынып қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Сенат маңызды заңдар топтамасын соңғы талқылауға әзірлеп жатыр
Биыл Сенат бірқатар аса маңызды заңнамалық бастамаларды қарауды аяқтау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
27.11.2025
-
Пойыз бір топ жұмысшыны қағып кетіп, 11 адам қаза тапты
Теміржол бойындағы жабдықты сынақтан өткізіп жатқан кезде қайғылы жағдай болды. Пойыз 11 адамды қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.
27.11.2025