Тағы бір сала оқытушылары 140 мың теңге ғана табады: Министрлік мәселені шешуді ұсынды
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Мәжілісте өткен отырыста әскери кафедралардағы мемлекеттік білім беру тапсырысының құны төмен болып отырғанын айтып, мәселені шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова Мәжілісте өткен отырыста әскери кафедралардағы мемлекеттік білім беру тапсырысының құны төмен болып отырғанын айтып, мәселені шешу жолдарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда әскери кафедраларда бір тыңдаушыға бөлінетін мемлекеттік білім тапсырысы 179 800 теңгені құрайды. Оның 142 000 теңгесі ғана еңбекақы қорына бағытталады. Соның салдарынан әскери кафедра оқытушыларының жалақысы өте төмен деңгейде қалып отыр.
Қазіргі қолына алатын жалақы мөлшері: оқытушылар – шамамен 140 мың теңге, аға оқытушылар – 150-160 мың теңге деңгейінде. Бұл — білікті кадрларды ұстап қалуға жеткіліксіз, – деді Щеглова.
Вице-министр проблеманы жедел шешу үшін қаржыландыру әдістемесін бекітетін құзыретті органды заң жүзінде айқындау қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, әскери кафедраларға мемлекеттік тапсырысты Қорғаныс министрлігі орналастыратындықтан, қаржыландыру әдістемесін бекіту құқығын да Қорғаныс министрлігіне беру орынды.
Бұл мәселеде біздің министрлік әдістемелік қолдау көрсетуге дайын. Алғашқы есептеулерімізге сәйкес, әскери даярлықтың құнын бір тыңдаушыға 700 мың теңгеге дейін арттыру қажет, – деді Динара Щеглова.
- Астана полициясы түнгі уақытта салют атқандарды жаппай қамауды жалғастырып жатыр 08:36
- Жаңа әуежайлар, газ зауыты және энергетикалық нысандар: Нәлібаев Маңғыстаудағы ірі жобалармен танысты 08:27
- Павлодарда жылыту маусымы басталды 08:23
- Бүгін жеті қалада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі 08:10
- Еуропада газ бағасы 2022 жылдың соңынан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді 07:48
- Әлемдегі тұрақсыздық: Қазақстан экономикасын қай салалар арқылы әртараптандыру керек? 07:30
- Несиесін уақытында төлей алмағандарға 60 күн қосымша уақыт беріледі 07:10