Жаңалықтар
-
АҚШ Венесуэлаға қарсы жасырын операцияларды күшейтті
АҚШ президенті Дональд Трамп Орталық барлау басқармасына Венесуэла аумағында жасырын операциялар жүргізуге рұқсат берген. Бұл туралы The New York Times газеті америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.10.2025
-
НАТО Украинаға қару-жарақ жеткізілімін арттыруға шақырды
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте мен АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет одақтастарды Украинаға американдық қару-жарақ сатып алуды көбейтуге шақырды. Бұл туралы олар Брюссельде өткен Альянс конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
16.10.2025
-
Чилиде 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді
Чили аумағында 5,6 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы 15 қазанда Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
16.10.2025
-
Ауғанстан мен Пәкістан уақытша бітімге келді
Ауғанстандағы "Талибан" үкіметі мен Пәкістан билігі шекарада болған қарулы қақтығыстардан кейін уақытша атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
16.10.2025
-
Таразда экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланды
Тараз қаласында кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен экономикалық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті.
15.10.2025
-
Депутат трансшекаралық өзендер мен экологиялық қауіп мәселесін көтерді
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Лұқбек Тумашинов көршілес мемлекеттердің су объектілерін ортақ пайдалану мәселесін көтерді. Ол бұл тақырыптың тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірі үшін де өзекті екенін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
Ерлан Қарин: Нашақорлықпен күрес – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз
Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
15.10.2025
-
Петропавлда аурухана терезесінен құлаған науқас көз жұмды
Петропавл қаласында 67 жастағы әйел аурухананың төртінші қабатынан құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға 14 қазанда Сәтбаев көшесінде орналасқан №1 қалалық аурухананың ғимаратында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
15.10.2025
-
ШҚО-да көршісі өртеніп жатқан үйден екі баланы аман алып шықты
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Тілсіз жау үйдің шатырын, жиһаздарын және жеке заттарын шарпыған. Өрт кезінде үйде анасының қарауынсыз төрт бала болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15.10.2025
-
WADA президенті Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты
Қазақстанға ресми сапармен келген Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
15.10.2025
-
Түрмеден тікелей хакерлік шабуыл: тұтқын 15 адамдың жаза мерзімін қысқартқан
Румынияда хакер Тыргу-Жиу түзеу мекемесінің ақпараттық жүйесін бұзып, 15 тұтқынның жазасын қысқартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Din Politica басылымына сілтеме жасап сілтеме жасап.
15.10.2025
-
UFC Шавкат Рахмоновты әлемнің үздік жауынгерлері тізімінен алып тастады
UFC Шавкат Рахмоновты әлемнің үздік жауынгерлері рейтингінен алып тастады. Қазақстандық жартылай орта салмақ өкілі енді UFC ұйымының pound-for-pound (P4P), яғни салмақ санатына қарамастан, ең мықты жауынгерлер рейтингінің топ-15 тізімінде жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.10.2025
-
"Құжаты жоқ": Жетісуда 2 сиыр мен 100 қойдың еті тиелген автобус тоқтатылды.
"Мақаншы – Алматы" тас жолында полицейлер жолаушылар автобусын тоқтатып, оның етке толы екенін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
Ауа райы құбылады: Қазақстанда тұман, қар және шаңды дауыл болады
Алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы күрт құбылады. Елдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, ал оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Синоптиктер температураның төмендейтінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
15.10.2025
-
Саяхатшылар назарына: мамандар чемоданға нені жазуға болмайтынын ескертті
Мамандар саяхатшыларға чемоданға багаж жапсырмасын толтырғанда сақ болуды ескертті. Сарапшылардың айтуынша, кей ақпаратты жазу жеке деректердің ұрлануына немесе алаяқтыққа жол ашуы мүмкін. Қай деректерді жазуға болмайтынын және қауіпсіз жолмен қалай толтыру керегін біліңіз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Есһо басылымына сілтеме жасап.
15.10.2025
-
Оңтүстік Кореяда өткен роуд-шоуда Alatau City жобасы таныстырылды
Сеул қаласында Alatau Rise With Kazakhstan Forum өтіп жатыр. Форумның ашылуына Қанат Бозымбаев қатысып, әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа Алатау City жобасын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
Дастан Сәтпаев әлемнің ең талантты футболшыларының тізіміне енді
«Қайрат» клубының және Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сатпаев беделді The Guardian басылымының назарына ілікті. Журналистердің бағалауынша, қазақстандық футболшы әлемнің ең үздік 60 жас талантының қатарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
Жас педагогтердің "Мамандығым – мақтанышым" республикалық форумы өтті
Балаларды ерте дамыту институты жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерінің қатысуымен TEDx форматында «Мамандығым – мақтанышым» атты жас педагогтердің республикалық форумын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
Астанада сарапшылар халықаралық сенімді қалпына келтіру жолдарын талқылап жатыр
Астанада Astana Think Tank Forum 2025 өз жұмысын бастады. Биылғы форумның тақырыбы – «Поляризациядан серіктестікке: халықаралық жүйеге сенімді қалпына келтіру», деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025
-
Есірткіге қарсы күрес заманауи форматта жүргізілуі керек – Балаева
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысында есірткіге қарсы насихат бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
15.10.2025