Президент: Шын мұқтаждарға ғана көмек көрсетілуі тиіс
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады. Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады. Президентке еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру барысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Светлана Жақыпова халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтты. Бүгінгі таңда азаматтарды жұмыспен қамту бойынша 2029 жылға дейінгі жоспардың 83 пайызы орындалған. Соңғы бес жылда 2,7 миллион адам еңбекке тартылды. Сапалы жұмыс орындарын көптеп ашу үшін өңірлік жол картасы мен жыл сайынғы KPI іске асырылуда.
Мемлекет басшысына биылғы 10 айда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 30 пайызға азайғаны жайында ақпарат берілді. Нәтижесінде ресурстарды шын мәнінде мұқтаж жандарға қайта бөлу мүмкіндігі пайда болды. Қазіргі кезде мұндай көмек түрін 285,1 мың адам алды. Бұл мақсатқа 27,1 миллиард теңге жұмсалады, - деп хабарлады Ақордадан.
Сонымен қатар министр өндірістік жарақат алу 6,5 пайызға, ал кісі өліміне әкеліп соғатын қайғылы оқиғалар 4,5 пайызға азайғанын мәлімдеді.
Ұсынылған дерекке сәйкес, Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 522 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілген, 27 мың азамат инватакси көмегіне жүгінген.
Бұдан бөлек, Президентке биыл базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін ұлғайтылғаны туралы есеп берілді. Жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индексациялау жүргізіледі. Жұмыс беруші тарапынан төленетін міндетті зейнетақы жарнасының мөлшерлемесі кезең-кезеңімен өсіп, 2028 жылға қарай 5 пайызға жетеді. Жұмыспен қамтылған халықтың 65 пайызы жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары саналады.
Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Министрлік мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған Бірыңғай цифрлық платформа құру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл мұқтаж азаматтарға нақты көмек көрсетуге және қолдау шараларының тиімділігін арттыруға ықпал етеді, - делінген ақпаратта.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы жұмыспен қамту сапасын жақсартуға, әлеуметтік қолдау тетіктерін одан әрі цифрландыруға, еңбек қатынастарындағы қауіп-қатерлердің алдын алу шараларын күшейтуге, зейнетақы жүйесін және көші-қон саясатын жетілдіруге бағытталған бірқатар тапсырма берді.
- Трамп Канадаға жаңа 50% баж салығын енгізуді үш күнге кейінге қалдырды 05:18
- Қарағанды облысында азық-түлік бағасын көтерген 155 кәсіпкер жауапқа тартылды 04:27
- Швейцария Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті 03:40
- Алматы тауларында жоғалған екі жасөспірім аман-есен табылды 02:34
- «Ауыл» партиясы агросекторға арналған бірыңғай цифрлық платформа құруды ұсынды 01:38
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 312-ге жетті 01:29
- Respublica: Жақсы жалақы, баспана, білім мен медицина халыққа қолжетімді болуы тиіс 00:46