18 Қараша 2026, 16:54 Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Жөнделмеген жол үшін 45 млн теңге аударған: Прокуратура мен ҰҚК шенеуніктерді тексеріп жатыр

Павлодар облысында ауылішілік жолдарды жөндеуге бөлінген 45 млн теңге жымқырылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Успен ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізген тексеру барысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөнделмеген ауылішілік жол учаскесі үшін «МКК-Элит Строй» ЖШС-не заңсыз түрде 45 млн теңге аударған. Аталған факті бойынша прокуратура әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеуді Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жүргізуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін прокуратура Қарағанды облысында екі лауазымды тұлғаға айыппұл салынғанын хабарлады. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Жетісуда мұғалімдерді медициналық тексеруден өткізбеген 21 басшы жазаланды

Қызылорда облысында әкім инвестордың құқықтарын бұзғаны үшін жазаланды

Сақтандыру төлемін сылтау еткен: Ұлытауда клиенттерді алдаған банк қызметкерінің ісі әшкере болды