Жеңілдікпен берілетін пәтерлер тұзаққа айналды: Астанада ірі алаяқтық әшкереленді
Астанада 413 млн теңгенің алаяқтығы бойынша сот процесі басталады
Астанада 51 азаматты 413 млн теңгеден астам сомаға алдаған алаяқтар сот алдында жауап береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордада ауқымды алаяқтық жасады деп айыпталған 7 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 4 жыл бойы азаматтарды жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспана алуға, сондай-ақ тиімді шарттармен несие және қаржыландыру рәсімдеуге көмектесеміз деген желеумен алдап келген, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Кеңселер, шарттар және байланыстар туралы уәде
Қылмыстық әрекеттеріне заңды сипат беру мақсатында күдіктілер кеңсе үй-жайларын жалға алып, коммерциялық ұйымдар құрған, қызмет көрсету туралы шарттар жасасып, кепілдік хаттар рәсімдеген.
Сонымен қатар, олар азаматтардың сеніміне кіру үшін мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда ықпалды байланыстары бар екеніне сендірген.
Қылмыстық әрекеттер салдарынан 51 азамат жардап шегіп, келтірілген жалпы материалдық залал 413 млн теңгеден асты.
Айыпталушыларға қандай жаза қарастырылған?
Айыпталушылардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша, атап айтқанда, 190-бабының 4-бөлігі (қылмыстық топ жасаған, ірі және аса ірі мөлшердегі алаяқтық) және 262-бабы (ұйымдасқан топты құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) бойынша сараланды.
Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда алаяқтық жасап, Instagram-да саудамен айналысқан танымал блогер ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
Астанада Оңтүстік Кореядан жұмыс уәде еткен алаяқ әйел ұсталды
Арзан үй алып беремін деп 30 миллион теңге жинаған қостанайлық әйел жауапқа тартылды
Балабақшадан «кезексіз орын» уәде еткен астаналық әйел 4 жылға сотталды