#Желмая. Алаяқтар, қаржылық сауат, табысың шығыныңнан көп болуы үшін не істеу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы отбасылық қаржы кеңесшісі Ләйлә Нұрманова.
Аттап бассаң алаяққа тап боласың, не себепті оларға ұрына береміз? Онлайн алаяқтар неге көбейді? Неге үнемі алданып қаламыз?
Табыстың аз болуы, шығыстың көп болуы ол несиеге өмір сүру деген сөз. Қаржылық сауаттылықтың артуы экономикаға қалай әсер етеді? Балаларды жастайынан қаржылық сауаттылыққа қалай үйретеміз? Осы және өзге де сауалдарға отбасылық қаржы кеңесшісі Ләйлә Нұрманова жауап береді.
«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?
«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.
Бұған дейін Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, «Бас редакторлар клубының» президенті Бибігүл Жексенбай болған еді.