Жазда доллар қымбаттауы мүмкін
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаз мезгілінде шетел валютасына сұраныс дәстүрлі түрде артатынын айтты.
Ұлттық банк жазда долларға сұраныс дәстүрлі түрде өсетінін мәлімдеп, бұл теңге бағамына әсер етуі мүмкін екенін атап өтті. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Біз реттеуші болғандықтан, бағамға қатысты нақты болжам жасай алмаймыз. Себебі бұл нарықта қосымша тәуекелдер мен алыпсатарлық әрекеттерге әкелуі мүмкін, - деді ол.
Сонымен қатар Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі толықтай нарықтық факторларға байланысты екенін атап өтті.
Ұлттық банк мәліметінше, жаз мезгілінде шетел валютасына сұраныс әдетте артады. Бұған бірнеше себеп бар.
Біріншіден, демалыс маусымында халық шетелге шығу үшін доллар мен еуро сатып ала бастайды. Екіншіден, ұлттық холдингтер мен компаниялар өздерінің инвестициялық бағдарламаларын іске асырып, шетелден жабдықтар сатып алады.
Сондықтан жазда долларға сұраныс маусымдық түрде өседі. Биыл қалай болатынын уақыт көрсетеді, бірақ мұндай үрдіс жыл сайын қайталанады, - деді Тимур Сүлейменов.
Еске салсақ, бұған дейін Тимур Сүлейменов Қазақстанда инфляция төмендеп келе жатқанын мәлімдеді. Алайда тәуекелдер әлі сақталып отыр.
Тағы оқи отырыңыздар:
Қазақстанда ипотека шарттары өзгереді
Қазақстанның халықаралық резервтері бір айда 6 млрд долларға азайған