5 Қараша 2026, 20:31 Фото: ©BAQ.KZ архиві

Жас мамандар шартты бұзған: БҚО-да ауылға барып, әлеуметтік қолдау алғандар 36 млн теңгені қайтарады

Батыс Қазақстан облысында ауылға барып, жұмысқа тұрған соң әлеуметтік қолдау алғандар 36 млн теңгені қайтаратын болды. Олар шартқа сәйкес әлеуметтік қолдау алған соң ауылда кемінде бес жыл міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс болған. Бірақ, осы тиісті уақыт өтпей тұрып, жұмыстан шығып кеткендер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО Жәнібек ауданының прокуратурасы ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген жас мамандардың әлеуметтік қолдау ретінде бөлінген бюджет қаражатының заңдылығына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде шартқа сәйкес әлеуметтік қолдау алған қызметкерлер кемінде бес жыл міндетті түрде жұмыс жасауы тиіс болса да оны орындамастан өз еріктерімен жұмыстан шығып, бюджет қаражатын қайтармағанын анықтады.

Прокуратураның қадағалау шаралары нәтижесінде сотқа талап арыздар беріліп, олар қанағаттандырылды. Қазіргі уақытта атқару парақтары сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындатуға жолданды. Прокуратура бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғауды жалғастырады, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Қызылодада инвесторлың қызметіне заңсыз араласуға әрекет жасаған басқарма басшысы жауапкершілікке тартылды. 

Тағы оқи отырыңыз:

СҚО-да бюджет ақшасын жымқырған әкімдік бухгалтерлеріне сот үкімі шықты

Патрульдік көлікте отырып, терезеден түкірген полицей жауапқа тартылды

200-ге жуық қызметкер жалақысыз қалған: Қызылордада мұғалімдердің ақшасы қайтарылды