Қызылордада қалалық санитарлық басқарма басшысы айыппұл төледі

Қызылордада қалалық санитарлық басқарма басшысы инвесторға негізсіз тиіскені үшін айыппұл төледі

2 Қараша 2026, 20:33
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 2 Қараша 2026, 20:33
2 Қараша 2026, 20:33
145
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қызылодада инвесторлың қызметіне заңсыз араласуға әрекет жасаған басқарма басшысы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда қаласының прокуратурасы негізсіз жедел ден қою шарасы қолданылған инвестор – «TEMA RETAILKZ» ЖШС-нің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдады

Атап айтқандаҚызылорда қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы аталған шараны прокуратура органдарымен алдын ала келіспей қолданғанБұл ретте тиісті шешім келісуге оны қабылдағаннан кейін ғана жолданған

Прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде шешімнің негізсіздігіне байланысты оны келісуден бас тартылды

Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында қала прокуратурасы Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне прокурорлық қадағалау актісін енгіздіАталған актіні қарау нәтижесінде инвесторға қатысты заңсыз қолданылған жедел ден қою шарасының күші жойылды

Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін қалалық басқарманың басшысы мен бас маманы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтуралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылдыОлардың әрқайсысына 432 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынды

Инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаусондай-ақ мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары болып табылады

Наверх