Жанабыловтар тергеумен келісімге келді
Сот барысында судья әр айыпталушының ұстанымын жеке нақтылады.
Астанада блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сотта айыпталушылар процессуалдық келісімге өз еркімен барғанын растады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астанада өтіп жатқан сот отырысында блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова тергеумен процессуалдық келісімге өз еркімен келгенін мәлімдеді.
Сот барысында судья әр айыпталушының ұстанымын жеке нақтылады.
“Сіз келісімді өз еркіңізбен жасадыңыз ба?” деген сұраққа олар “Иә, өз еркіммен” деп жауап берді. Сондай-ақ келісімді қолдайтындарын жеткізді.
Айыпталушылардың адвокаты сотқа келтірілген залалдың өтелгенін растайтын түбіртекті ұсынды.
Сот шешімі бүгін сағат 16:30-де жарияланады.
Еске салсақ, кешегі, яғни 2026 жылғы 22 сәуірде өткен сот отырысында айыпталушылардың адвокаты куәгер-тергеуші Абзал Әлімхановтан жауап алып, ақша қозғалысы мен банк шоттарына қол жеткізуге қатысты айыптау уәждеріне күмән келтірді.
Жанабылов ісінде 100 млн теңге қаржы қалай жұмсалғаны айтылды.
2026 жылғы 22 сәуірде өткен сот жарыссөздері барысында мемлекеттік айыптаушы оларға мүлкін тәркілеумен қатар нақты мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.