Жаңа FIFA-да жалғыз қазақ: Дастан Сәтпаевтың карточкасы қандай?
Дастан Сәтпаев жаңа FIFA-да топ-10 мыңдыққа енді.
EA Sports FC 27 футбол симуляторында 18 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев 68 жалпы рейтингі бар күміс карточкаға ие болды.
Ол бұрынғы FIFA-дағы жалғыз қазақстандық футболшы болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ EA ресми рейтингтер базасына сілтеме жасап.
75 рейтингтен басталатын алтын карточкаға дейін қазақстандық футболшыға небәрі жеті ұпай жетпейді. Ойын барысында күміс карточкалар 65 пен 74 аралығын қамтиды, сондықтан Сәтпаев дәл ортасында тұр.
Маусым барысында алтын деңгейге жетуге мүмкіндік бар. EA ресми базасында рейтингтер Ultimate Team карточкаларын іске қосу сәтіндегі жағдайды көрсететіні, ал жекелеген режимдерде олар футболшылардың шынайы бабына қарай жаңартылып тұратыны нақтыланған.
Сәтпаев «Бернли» сапында қаншалықты көп ойнап, гол соқса, карточкасының көрсеткіші соншалықты жоғарылай түседі.
Қазақстандықтың басты артықшылығы – 83 ұпайға бағаланған жылдамдығы. Жылдамдату 85, ал ұмтылыс жылдамдығы 81 болып белгіленген. Бұл көрсеткіш бойынша ол ойындағы «Бернли» шабуылшыларының арасында үздік, ең жақын бәсекелесі Андреас Хунтонджидің көрсеткіші – 82.
Соққы жасау қабілеті – 67, оның ішінде сәтті аяқтау 69 және соққы күші 69. Дриблинг – 69, мұнда тепе-теңдік (84) пен икемділік (82) ерекше көзге түседі. Дәлдік/пастар – 60, физикалық қуат – 64, сонымен қатар секіру қабілеті 77-ге бағаланған. Ең әлсіз тұсы – қорғаныс, 27 ұпай.
Әлсіз аяқпен ойнау қабілеті бестен төрт жұлдызды алды, финттер – үш жұлдыз, жұмыс істейтін оң аяқ. Орталық шабуылшы позициясынан басқа, оны жартылай қорғаныстың екі қапталына және оң жақ вингер ретінде де қоюға болады.
Сонымен қатар, EA ресми базасындағы Қазақстан парақшасында тек бір ғана карточка – Сәтпаев тіркелген. Ойындағы барлық футболшылардың жалпы рейтингінде (олардың саны 19 мыңнан асады) ол 8 235-ші орында тұр.
Ойында басты жас таланттар арасында
Сәтпаев 2008 жылы 12 тамызда дүниеге келген және кәмелет жасына толғаннан кейін ойынға енді.
Тамыз айында ол FC 27 ойынының ең перспективті 30 жас ойыншысының қатарына енгізілген болатын. Сол кезде мансап режиміндегі қазақстандықтың әлеуеті 81 ұпайға бағаланған еді. Тізімді «Арсенал» вингері Макс Доуман 78 рейтингімен және 87 әлеуетімен бастады.
Сәтпаевпен қалай ойнауға болады?
Қазақстандықты «Челсиден» емес, ойында Чемпионшипте өнер көрсететін «Бернлиден» іздеу керек. Сәтпаев ол жаққа жалға берілген.
Ultimate Team режимінде ол күміс карточка ретінде қолжетімді, ал мансап режимінде оны сатып алып, дамытуға болады.
Әзірге карточкада ойыншының шынайы фотосы жоқ, тек силуэт тұр, ал ойынның өзінде виртуалды Сәтпаевтың жеке бет әлпеті моделі жоқ. Қазақстандық қолданушылар бұған назар аударып, кейіпкердің нақты футболшыға ұқсамайтынына шағымдануда.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев «Бернлиде» «Челсиден» маусым соңына дейін жалға алу құқығымен өнер көрсетеді.
Бұған дейін біз Дастан Сәтпаевтың Англия чемпионатында «Бернли» сапында дебют жасағаны туралы жазған едік.
Сондай-ақ, сарапшы «Бернлидегі» маусымнан кейін Дастан Сәтпаевты не күтетінін айтты.
Сәтпаевтың «Бернли» сапында дебют жасаған алғашқы матчына да баға берілді.