4 Тамыз 2026, 20:13 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Жамбыл облысының тұрғыны баланың көзінше ішімдік ішкені үшін жазаланды

Меркі ауданының тұрғыны балаға кері әсерін тигізген.

Балалар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта кәмелетке толмаған ұлының көзінше алкогольдік ішімдік ішкен ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өз әрекетімен Меркі ауданының тұрғыны балаға кері әсерін тигізген. Аталған фактіге байланысты ер адамға қатысты хаттама жасалып, әкімшілік іс қозғалды.

«Азаматқа кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша айып тағылды (ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі). Ер адамның кінәсі хаттамамен, тараптардың түсініктемелерімен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді», – деп атап өтті соттың баспасөз қызметінен.

Азамат кінәсін толық мойындады.

Шешім шығару кезінде сот кінәні мойындауды, құқық бұзушылықтың алғаш рет жасалуын, оң сипаттаманы және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескерді. Нәтижесінде ер адам кінәлі деп танылып, оған 7 АЕК (30 275 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Таразда 25 жастағы жігіт дрифт жасағаны үшін 10 тәулікке қамалды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Мұғалімді «маскүнем» деп атаған: Семейлік педагог сотқа арызданды

Лифтпен төбелескен «батыр»: Астанада мас тұрғын екі жеделсатыны істен шығарды

Алматыда мас жүргізуші ұрланған көлікпен ұсталды