Алматыда мас жүргізуші ұрланған көлікпен ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бүгiн 2026, 18:41
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 18:41
Бүгiн 2026, 18:41
169
Фото: видеодан скриншот

Алматыда Тимирязев және Шашкин көшелерінің қиылысында Бостандық ауданының патрульдік полицейлері «Kaiyi» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Сол сәтте рөлде мас жүргізуші отырған.

Ол дереу көлікті басқару құқығынан айырылды. Әрі қарай тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін де көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, бұл автокөлікке Наурызбай ауданының аумағынан ұрланған деп іздеу салынған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша көлікті айдап әкеткені және көлік жүргізу құқығынан айырылған тұлғаның автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін екі қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Әл-Фарабидегі жол апатына қатысы бар күдіктіге сот үкімі шықты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх