27 Тамыз 2026, 13:01 Фото: pixabay.com

Жамбыл облысында такси жүргізушісі WhatsApp-тағы дауыстық хабарлама үшін жауапқа тартылды

WhatsApp-тағы қорлау қылмыстық жауапкершілікке айналды.

Жамбыл облысында такси жүргізушісі WhatsApp-та дауыстық хабарлама жазғаны үшін жазаланды. 

Сарысу аудандық соты жеке айыптау бойынша қорлау фактісі бойынша ер азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Не болды?

Жәбірленуші таксимен жүргенде жүргізушімен келіспей қалған. 2025 жылдың ақпанында такси жүргізушісі жәбірленушінің анасының қатысуымен оның атына әдепсіз және ар-намысты қорлайтын сөздер айтқан.

Бір жылдан кейін жәбірленуші такси іздеу туралы хабарлама жібергеннен кейін ер азаматтар арасында қайтадан жаңа келіспеушілік болған.

«WhatsApp» арқылы бірнеше рет қоңырау шалғаннан кейін жәбірленуші жүргізушіге онымен қайта байланыспауды талап ететін дауыстық хабарлама жіберді. Жауап ретінде ол дөрекі және қорлайтын сөздері бар аудио хабарлама алды. Кінә тараптардың айғақтарымен және сот психологиялық-филологиялық сараптамасының қорытындысымен дәлелденді, - деп хабарлады Жамбыл облысының Сарысу аудандық соты.

WhatsApp-тағы хабарлама үшін жауапқа тартылды

Сотталушы кінәні мойындады. Ол ашуланып тұрған кезінде қатал сөздер айтқанын түсіндірді. Такси жүргізушісі өкініш білдіріп, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Айыптаушы болса оны қатаң жазалауды және моральдық зиянның орнын толтыруды сұрады.

Сот қандай үкім шығарды?

ҚК-нің 131-бабы 1-бөлігінің санкциясы 100 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуды не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды көздейді.

Сот кінәні мойындауды, оның жас балаларының болуын, алғаш рет қылмыстық теріс қылық жасауды және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын жеңілдететін мән-жайлар ретінде анықтады.

Сот үкімімен азамат М. ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар, сотталғаннан 20 мың теңге моральдық зиян өндірілді, - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада TikTok-та әдепсіз видео жариялаған шетелдікке айыппұл салынды.

Тағы оқи отырыңыз: 

Ақтөбеде жолда «шоу көрсеткен» жастар жазаланды

Қазақстанда автобус пен таксиге сұраныс артты

Ақмола облысында күнбағыспен суретке түскен 25 жүргізушіге айыппұл салынды