Жамбыл облысында сеніп тапсырылған 17 жылқыны иемденген күдікті ұсталды
Жамбыл облысында жылқышы 17 бас жылқыны жымқырған.
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иемдену фактісін анықтады.
Шу аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі 17 бас жылқысы аудан аумағындағы шаруа қожалығының жайылымынан жоғалып кеткенін хабарлаған.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу барысында жәбірленушінің бірнеше жылдан бері жылқыларды бағуды өзінің танысына сеніп тапсырғаны анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 28 жастағы күдіктіні Тараз қаласының аумағында анықтап, ұстады. Сот санкциясымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жымқырылған жылқылар табылып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды мал-мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті алдын алу шараларын қабылдауға шақырады.
Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысында үш жасар баланы аттылыі адам таптап кетті.
Тағы оқи отырыңыздар:
Тоқаев сирек тұқымды тұлпарларды тамашалады
Маңғыстауда 100-ге жуық жылқы қырылды
Тараз көшесінде атпен шапқан бала көлікке соғылды
- Трамптың отбасына криптобанк құруға алдын ала рұқсат берілді 07:10
- SpaceX Falcon 9 зымырандарын небәрі 38 минут аралықпен ұшырып, жаңа рекорд орнатты 06:27
- Алматы тауларында құтқарушылар жоғалған туристі тауып, жолай тағы бір туристке көмектесті 05:47
- «Артық төлеуге тура келеді»: Трамп америкалықтарды бензин бағасының өсуіне дайын болуға шақырды 04:38
- ДДСҰ биыл денсаулық сақтау нысандарына жасалған 900-ден астам шабуылды тіркеді 03:25
- Лисаковта 22 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті 02:17
- Акмарал Ерекешева әлемнің үздік бес гимнастшысының қатарына енді 01:25