Тоқаев сирек тұқымды тұлпарларды тамашалады

Ахалтеке жылқыларының табыны екі құлынмен толықты.

 Ақорда Бүгiн 2026, 19:32
Бүгiн 2026, 19:32
223
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таза қанды ахалтеке жылқылары бағылатын ат қораға барды. Бұл туралы Мемлекет басшысы  өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

Президент ерекше жылқы табынының екі құлынмен толыққанын айтты. Мемлекет басшысы оларға мағыналы әрі көркем есімдер берген.

Алғаш туған құлынға Ақниет деген ат қойылса, одан кейін туған байтал құлын Бөрте деген атау алған. 

Бүгін асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы келдім. Жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған. Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Ал кейінгі туған құлыншақты Бөрте деп атадым.  «Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от QASYM-JOMART TOQAYEV (@tokayev_online)

Наверх