Ұзынағаштағы оқиға. Балалардың жағдай қалай
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасында ер адам шабуыл жасаған балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дәрігерлердің айтуынша, төрт баланы 15 ақпан күні кешке жедел жәрдем бригадасы Жамбыл аудандық орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне жеткізген.
8 жасар бала түрлі дене жарақатын алған.
Облыстық балалар клиникалық ауруханасында баланы жауапты хирург, кезекші анестезиолог және травматолог бірлесіп тексерді, ол ауруханаға жатқызылды. Бас миының томографиясы мен құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ жасалды. Жұмсақ тіндердің көптеген көгеруі, тері астындағы гематомалар, бет аймағында, параорбитальды аймақтарда, ернінің жоғары жағы, мойын аймағының терісі сыдырылған, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
12-13 жас аралығындағы екі баланың жұмсақ тіндері көгергені анықталды. Барлық медициналық тексеруден өткеннен кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді.Тағы 10 жасар бала хирург-травматологқа қаралды, дене жарақаттары анықталмады. Бала қосымша сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Айта кетейік, желіде жантүршігерлік видео тарады. Оның Ұзынағашта түсірілгені белгілі болды. Видеода аяусыз соққыға жығылып, шошынған балаларды көруге болады. Кейін қаскөй ұсталған еді.