«Ұстаздық – әулетіміз үшін қасиетті жол»: Ауыл мұғалімі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атанды
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған Гүлмира Тағаева марапаттан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауыл мектебінде еңбек ететін педагог Президенттің қолынан марапат алуды үлкен бақыт деп бағалады.
Керемет сезім! Елорданың төрінде, Президенттің қолынан марапат алу – үлкен бақыт. Мен ауыл мектебінің қарапайым мұғалімімін, - деді ол.
Гүлмира Тағаева ұстаздар әулетінен шыққан. Ата-анасының жолын жалғауды бала кезінен армандаған ол есейгенде мұғалім мамандығын таңдаған.
Ата-анам да ұстаз болған. Бала күнімнен сол кісілердің жолын жалғауды армандап, есейгенде ұстаздық қызметке қадам бастым. Біздің әулет үшін ұстаздық – жай ғана мамандық емес, қасиетті жол, - деді марапат иесі.
Педагог қуанышымен бөлісіп, әріптестерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Бүгін осындай мәртебелі марапатқа ие болып, қуанышым қойныма сыймай тұр. Барша ұстазды төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріне саулық тілеймін. Қоғам игілігі үшін аянбай еңбек ете берсін! - деді Гүлмира Тағаева.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері мен Қазақстанға сіңірген айрықша еңбегі үшін бірқатар білім саласының қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Мемлекеттік наградалар қатарында «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы бар.
6 балаға сабақ беретін мұғалім Ақсәуле Жақыпбекова 38 оқушысы бар ауыл мектебі жайлы айтты.
Тағы оқи отырыңыз: «Ұстаздың ең басты міндеті – үлгі болу»: Президенттен марапат алған ұстаз AI туралы айтты
«Еңбек етуден жалықпау керек»: Ұстаз жастарға үндеу жасады