«Түзетіңіз, болмаса басқа адамдар айналысады»: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысына ескерту жасады
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевке жол сапасына қатысты мәселелерді шешуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет басшысы компания басшысының баяндамасында шешілмей жатқан проблемалар айтылмағанын ескертті.
Баяндама жақсы, бірақ шешілмей жатқан проблемалық мәселелер өте көп. Оны айтқаныңыз жоқ. Президент айтқан олқылықтардың бәрі сіздің де жұмысыңызға қатысты, сондықтан жолдардың сапасы жоқ жағдайды түзету керек. Түзетіңіз, немесе басқа адамдар жұмыспен айналысады, ұқтыңыз ба? – деді Бектенов.
Дархан Иманашев Премьер-министрдің ескертуіне қысқа жауап берді.
Қабылданды, – деді ол.
Белгілі болғандай, жол ережесін қайта-қайта бұзғандар куәлігінен бір жылға айырылуы мүмкін. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Сондай-ақ, сегіз сағаттан артық рөлде отырған жүргізушілерді жасанды интеллект анықтайтыны хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз: «Алматы – Ташкент» тасжолында 60 адам қаза тапқан: Министр ең қауіпті жолдарды атады