28 Қазан 2026, 11:00 Фото: Ақорда

Тоқаевтың халыққа Жолдауы басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауды бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып жатыр.

Мемлекет басшысының Жолдауын республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, Президент қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайтыны хабарланды. 

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын 28 қазанда жариялайтынын жеткізді.

Бұған дейін Президенттің халыққа Жолдауын қашан және қайдан қарауға болатынын  да жазған болатынбыз.