Тоқаев ҚХА-ның кезекті сессиясына қатысады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясына қатысады, - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бүгін елордада «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы өтіп жатыр. Сессия барысында Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева былтыр Ассамблея отырысында жаңа форматтағы панельдік секциялар жұмысы басталғанын айтты. Айтуынша, бұл үдеріс биыл да дәстүрлі сабақтастықпен жалғасып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Барлық мектепте білім жетістіктерінің мониторингі басталды
Өзгелердің жаңалығы