TikTok-та «әзілдеген» екі блогер қамауға алынды
Жарияланған материалды «әзіл» ретінде көрсету жауапкершіліктен босатпайды.
TikTok-та балағат сөздер қолданған екі алматылық 5 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Наурызбай аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісін мониторингтеу барысында екі жігіттің әдепсіз, былапыт сөздер айтып, балағат сөздерді қолданған видеосын анықтады. Авторлар видеодағы әрекеттерін әзіл ретінде ұсынған.
Полиция қызметкерлері видеоға қатысушылардың жеке басын анықтады. Олар 25 жастағы Стамбеков Ибраим Маратович және 21 жастағы Абдыханов Абай Калдыбаевич болып шықты. Аталған факті бойынша екі азамат та әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 тәуліктен әкімшілік қамау жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.
Полиция қоғамдық ақпарат кеңістігінде былапыт және балағат сөздерді жария түрде қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.
Жарияланған материалды «әзіл» ретінде көрсету жауапкершіліктен босатпайды.
Айта кетейік, бұған дейін Жетісу облысында TikTok-та құмар ойын ұйымдастырғандар 95 млн теңге табыспен ұсталды.
Тағы оқи отырыңыз:
«Қаралы күнге» тіл тигізді: Шымкент тұрғыны 10 тәулікке қамалды
Мысықты Тик-ток эфирінде қинаған: Қызылордада ер адам жауапқа тартылды
Семейде «өрмекші адам» жауапқа тартылды